Жол құрылысына бөлінген қаражат ұрланған

Ақмола облысының арнайы прокурорларының мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдігі бойынша бұрын Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында істеген тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды.

Ол жол салуға арналған бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деп күдікке легіп отыр. Атап айтқанда,нақты жұмыстар орындалмай, бюджеттен 1 миллиард 244 миллион теңге төленген.

Осы факт бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен (аса ірі көлемде жымқыру)сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Заңда осындай қылмыс жасағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

        Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар