Ақмола облысында қазіргі таңда 2 мыңға жуық тарихи-мәдени ескерткіштер бар.
Жалпыұлттық және өңірлік тізімге 45 қасиетті нысан енгізілген.
Әр халықтың, әр өркениеттің өз ұлттық сипаты, мемлекеттің көздің қарашығындай қорғайтын киелі жерлері бар. Бұл рухани дәстүрдің негізінің бірі. Қазақ халқы үшін де бұл ерекше маңызды. Біз рухани тарихы бай ұлан-ғайыр елміз, осынау географиялық аймақта халық ешқашан өз рухани байланысын үзген емес.
Ақмола өңірінің киелі нысандары да көне тарихқа толы. Бұл – діни сәулет құрылыстары, қалашықтар, киелі орындар, тарихи ландшафтар және тағы басқалары. Біздің уақытымызға дейін мінәжаттық сәулет ескерткіштері жақсы сақталған, яғни, осы киелі орындар ерекше танымал және туристік қажылық ететін орын болып табылады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.