Жас зерттеушілер табысы

Ақмолалық дарынды оқушылар ашыған сүт өнімдерінің қоректік құндылығын арттыратын қоспалар әзірлеп, денсаулыққа пайдалы өнім жасады.

Көкшетау қаласының Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары Махаббат Абжанова  менСабина Тілеуғабыл ашыған сүт өнімдерінің қоректік құндылығын арттыратын қоспалар әзірледі.

Зерттеу жұмысына химия пәнінің мұғалімі Айдана Сағатай жетекшілік етті. Жас зерттеушілер шырғанақтың (облепиха) ресми және халықтық медицинада бактерияларды өлтіретін, қабынуға қарсы жараларды емдейтін дәрілік зат ретінде қолданылатынын негізге ала отырып, халық үшін пайдалы өнім жасауды ұйғарған көрінеді. Бұл жұмыс Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің химия және биотехнология кафедрасының зертханаларында химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұргүл Нұрмұханбетованың басшылығымен жүргізіліпті.

–Сынақ нәтижесінде балғын шырғанақ йогуртын дайындадық. Зерттеулер барысында сүт өнімдерінің А, Е, С дәрумендерімен, пальмитин және стеарин қышқылдарымен байытылғаны анықталды, – дейді жас зерттеушілер.

Махаббат пен Сабинаның жұмысы биылғы республикалық ғылыми жобалар конкурсында жоғары бағаланып, химия секциясы бойынша үшінші орынды  жеңіп алды.

Ы.ШАМШИЕВА.

Суретте: жас зерттеушілер Махаббат Абжанова  мен Сабина Тілеуғабыл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар