Егіндікөл аудандық аурухананың бөлім басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

13 миллион теңгеден астам бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқырғаны үшін, 03.07.2023 жылы Егіндікөл аудандық сотымен аудандық аурухананың Кадр бөлімінің басшысына 7 жыл бас бостандығынан айыру және өмір бойы лауазымды қызметтер атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде, аурухананың бас дәрігері кадр бөлімінің басышысымен қылмыстық сөз байласып, 2020-2021 жылдар аралығында, кадрлық және қаржылық құжаттарды бұрмалап, инфекциялық стационарға 7 тұлғаны формалды орналастырып, заңсыз төленген ақшаны өз мүдделеріне пайдаланғанын тергеу барысында анықтады.

Жас балалары бар екендігін ескере отырып, сот үкімін орындау мерзімі кейінге шегерілді, ал қылмыс бастамашысы — бас дәрігерге қатысты қылмыстық іс, жеке өндірісте тергелуде.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

16 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар