Егіндікөл аудандық аурухананың бөлім басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

13 миллион теңгеден астам бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқырғаны үшін, 03.07.2023 жылы Егіндікөл аудандық сотымен аудандық аурухананың Кадр бөлімінің басшысына 7 жыл бас бостандығынан айыру және өмір бойы лауазымды қызметтер атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде, аурухананың бас дәрігері кадр бөлімінің басышысымен қылмыстық сөз байласып, 2020-2021 жылдар аралығында, кадрлық және қаржылық құжаттарды бұрмалап, инфекциялық стационарға 7 тұлғаны формалды орналастырып, заңсыз төленген ақшаны өз мүдделеріне пайдаланғанын тергеу барысында анықтады.

Жас балалары бар екендігін ескере отырып, сот үкімін орындау мерзімі кейінге шегерілді, ал қылмыс бастамашысы – бас дәрігерге қатысты қылмыстық іс, жеке өндірісте тергелуде.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар