Бурабайда жазғы дәмхана өртке оранды

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 5-ші шілдесінде сағат 03:09-да Бурабай кентіндегі жазғы дәмханада өрт шыққандығы туралы хабарланды.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 38 адам және 10 өрт сөндіру техникасы, «Бурабай» МҰТП 2 қызметкер және 2 техника жұмылдырылды.

«Сағат 04:13 өрт оқшауланып, 05:04 толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді ведомстводан.
Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, сондай-ақ, өрт бола қалған жағдайда дереу «101» және «112» телефон нөмірлеріне хабарлап айтуды сұрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар