Облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповтің Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесуі нәтижелі өтті. Аудандық мәслихат төрағасы Берік Рыспаевтың айтуынша, кездесуге барлық 10 депутат келді, олардың арасында өкілді органға алғаш сайланған жастар да бар. Олардың барлығы «AMANAT» партиясы депутаттарының бірінші республикалық форумына қатысып, өз әсерлерімен бөлісті.
Сондай-ақ, форум пайдалы өткенін, ең алдымен, депутаттық корпус жұмысының тиімділігін арттыру үшін мол ақпарат бергенін атап өтті.
Бейбіт Айтымұлы әріптестерін облыстық мәслихатта тұрақты комиссиялардың отырыстарында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін тыңдау практикасын енгізу туралы хабардар етті және осындай жұмысты аудан деңгейінде жандандыруды ұсынды, себебі, депутаттық корпустың өкілеттігі қазір айтарлықтай кеңейді. Сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенатының комитеттерімен ынтымақтастықты жолға қою туралы айтты.
Аудандық мәслихат депутаттарының сенаторларымыз арқылы ауылдық мәселелерді шешуді ілгерілету мүмкіндігі бар. Мысалы, аудан тұрғындары жиі көтеретін ақбөкендер туралы мәселе және олардан зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы төлеу жергілікті деңгейде шешілмейді, демек, Сенат пен Мәжіліс депутаттарының қолдауынсыз мүмкін емес, – деді Б.Жүсіпов. Бір сөзбен айтқанда, мазмұнды әңгіме болды, оның барысында алдағы кезеңге арналған бірлескен міндеттер анықталды.
Сондай-ақ, Бейбіт Айтымұлы «AMANAT» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдады. Аудан тұрғындары әлеуметтік нысандарды, жолдарды жөндеу және басқа да бірқатар мәселелерді көтерді, оларды шешу облыстық қазынадан трансферттерді талап етеді. Қорғалжындықтардың барлық өтініштері бақылауға алынды, олардың кейбіреулері бойынша бейінді басқармаларға сұрау салулар дайындалатын болады.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында мәслихат төрағасы Б. Жүсіпов Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаевпен кездесті. Онда депутаттық корпус пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, «AMANAT» партиясының өңірлік Жол картасына енген жергілікті жобаларды іске асыру бойынша бірқатар маңызды міндеттер талқыланды.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.