– 13 тамызда Ақмола облысына қарасты 8 ауылдық округ пен Ақкөл қаласының әкімдерін сайлау өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақолмоладағы 8 аумақтық сайлау комиссияларының қаулыларына сәйкес, 13 тамызға келесі елді мекен әкімдерін сайлау тағайындалды:
— Көкшетау қаласы Красный яр ауылдық округінің әкімін сайлау;
— Ақкол ауданы Ақкөл қаласының әкімін сайлау;
— Аршалы ауданы Түрген ауылдық округінің әкімін сайлау;
— Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округінің әкімін сайлау;
— Жақсы ауданы Калининский ауылдық округінің әкімін сайлау;
— Зеренді ауданы Садовый ауылдық округінің әкімін сайлау;
— Сандықтау ауданы Барақпай, Веселое ауылдық огругтерінің әкімдерін сайлау;
— Целиноград ауданы Мәншүк ауылының әкімін сайлау.
«Сайлау тағайындау туралы, шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды өткізуге дайындалу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады», — делінген Ақмола облыстық әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламада.