13 миллион  теңгені май шелпек көріп…

Егіндікөл аудандық соты аудандықаурухананың кадр бөлімі басшысын 13 миллион теңгеден астам бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқырғаны үшін, 7 жыл бас бостандығынан айыру және өмір бойы лауазымды қызметтер атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды.

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде және тергеу барысында аурухананың бас дәрігері кадр бөлімінің басышысымен қылмыстық сөз байласып, 2020-2021 жылдар аралығында, кадрлық және қаржылық құжаттарды бұрмалап, инфекциялық стационарға 7 тұлғаны формалды түрде жұмысқа орналастырып, заңсыз төленген ақшаны өз мүдделеріне пайдаланғаны анықталды.

Кінәлілердің жас балалары бар екендігі ескеріле отырып, сот үкімін орындау мерзімі кейінге шегерілді, ал, қылмыс бастамашысы –­­ бас дәрігерге қатысты қылмыстық іс жеке өндірісте тергелуде.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар