7 мектеп қайта аттестаттаудан өте алмады

Биыл Ақмола облысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті 84 білім беру ұйымында, яғни, 29 балабақша, 35 мектеп пен 20 колледждемемлекеттік аттестаттау өткізді.  Бұл жөніндеөңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Орал Қаппасов мәлімдеді.

− Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжі, Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжі, облыс орталығындағы жоғары техникалық колледж және «Бурабай» колледжі» алғашқылардың бірі болып аттестаттаудан өтті. Сондай-ақ, олардың қатарына Степногорск қаласының №4 «Болашақ» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты және Ақкөл ауданы Кемеркөл ауылының бастауыш мектебін жатқызуға болады. Ал, аттестаттаудан бірден өткен 4 мекемелерге Аршалы кентінің «Светлячок», Есіл ауданы Заречное ауылының «Айналайын» балабақшасы, Көкшетау қаласының «Зерек» балабақшасы және Степногорск қаласының №4 «Арман» балабақшасы жатады, −деді Орал Қаппасов.

Сондай-ақ, қайта аттестаттау кезінде тиісті олқылықтар жойылғаннан кейін 20 колледж, 12 балабақша, 20 мектеп тексеруден өтті.

−2021 және 2022 жылдардағы тексеру қорытындысы бойынша облыстың 7 мектебі қайта аттестаттаудан өткен жоқ. Өзін-өзі бағалаудың сапасыз материалдарын ұсыну, оқу жоспарларының үлгілік жоспарларға сәйкес келмеуі, педагогтердің тиісті бейіндер бойынша қамтамасыз етілмеуі, біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі секілді фактілерді  негізгі кемшіліктерге  жатқызуға болады. Сондай-ақ, бұзушылықтар арасында мектепті бітіргелі тұрған сыныптардың оқушыларына тестілеу жүргізу кезінде шекті деңгейден өтпеу, біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімдерін сақтамау да көптеп кездеседі.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында департамент лицензиялау бойынша 66 мемлекеттік қызмет көрсетті. Лицензиялар мен лицензияларға қосымшалар беруден бас тартудың басты себептері –білім беру қызметінің лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, құжаттардың толық емес топтамасының бірнеше рет ұсынылуы болып табылады.

−Бүгінгі таңда 74 құжатқа халықаралық мөртабан қойылды. Оның ішінде 21 мектеп аттестаты, 17 жоғары оқу орындарының  дипломы жәнебасқа да құжаттар бар.  Австрия, Италия, Литва, АҚШ, Чехия, Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, Польша, Германияға сапарлары бойынша жеке тұлғалардың білімі туралы құжаттарыхалықаралық мөртабанмен расталды,−деді ол.

Биыл 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін департамент білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы бойынша мониторинг жүргізетін болады. Бұл  мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеу мониторингі, оқулықтармен қамтамасыз ету, педагогтарды қабылдау және директорларды тағайындау, педагогтардың аттестаттаудан өтуі және біліктілік санаттарын берудің объективтілігі, материалдық-техникалық базаны қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

−Анықталған проблемалық мәселелерді шешу үшін мониторинг қорытындылары облыс әкімдігіне, білім басқармасы мен бөлімдеріне ұсынылып, департаменттің ресми сайтында орналастырылатын болады,−деп қорытындылады өз сөзін Орал Қаппасов.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар