Орман өрттерінің алдын алу, суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Думан Дәлешов пен азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Диас Әмірханов қазіргі қалыптан тыс ыстық ауа райына байланысты өртке қарсы және суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде брифинг өткізді.

Биылғы көктемгі-жазғы облыс аумағында 348 гектар  алаңда орман өрттерінің 53 жағдайы, 700 гектаралаңда 1 дала өрті және 125,4 гектар алаңда шөп өрттерінің 24 жағдайы тіркелген.

−Ағымдағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орман өрттерінің саны 33,9 пайызға артса, шөп өрттерінің саны 44 пайызға төмендеді, ал, дала алқабының жануы 1 өртпен бұрынғы деңгейде қалып отыр. Қазіргі уақытта халықты ақпараттандыру және оқыту мақсатында департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі әрі ауқымды жұмыс жүргізуде. Өрт қаупі кезеңі басталғаннан бері БАҚ-тарда мамандарымыз ақпараттық және профилактикалық сипатта 1787 рет сөз алды. Елді мекендерде 1022 адамнан тұратын 210 өртке қарсы ерікті құрылымдар дайындалды. Орман өрттерін уақтылы анықтау бойынша жерден және авиация арқылы ормандарды патрульдеу жұмыстары жүргізілуде,−деді Думан Дәлешов.

Өрт қаупі кезеңінде Ақкөл, Зеренді және Бурабай аудандарында облыстың 7 ауданының аумағында орман алқаптарын авиапатрульдеуді жүзеге асыратын «Қазавиалесорғау» акционерлік қоғамының үш авиакомпаниясы орналастырылды. Сондай-ақ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамына табиғи өрттердің ошақтарын уақытылы анықтау мақсатында ғарыштық мониторинг жүргізу үшін  6,5 миллион теңге бөлінді.

Департамент басқармасы бастығының айтуынша, жерден патрульдеу үшін облыс аумағында 214 адамнан тұратын 56 мобильдік топ құрылған.

− Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, жергілікті полиция қызметі,облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары қызметкерлері орман және дала аймақтарын қоса алғанда, азаматтардың қала сыртындағы демалыс орындары бойынша рейдтік іс-шаралардыда тұрақты негізде жүзеге асыруда,−деді одан әрі басқарма бастығы.

Сондай-ақ, брифинг барысында Диас Әмірханов жазғы суға шомылу кезеңіндегі жағдай жөнінде баяндап берді.

−Биыл суға кетудің сегіз фактісі тіркелді, оның үшеуі балалар. Су көздеріндеадам өлімінің негізгі себептеріне жүзе алмау, мас күйінде шомылу, өз күштерін жете бағаламау сияқты фактілер жатады.  Сонымен қатар, балалардың өлімі көбінесе ата-аналардың су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауының салдары болып табылады. Маусымның бірінші онкүндігінде қалыптасқан өте ыстық ауарайы қазіргі уақытта да орын алуда. Сондықтан, суға шомылғанда өте сақ болған жөн,− деді Диас Әмірханов.

Судағы адам өлімінің алдын алу аясында Төтенше жағдайлар департаменті  полиция департаментіменжәне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 8 мыңнан астам рейд жүргізді. Оның нәтижелері бойынша 582 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда облыста 31 стационарлық бассейн жұмыс істеуде.

Жыл басынан бері жүзу дағдыларына 3585 бала үйретілді. Суға кету оқиғаларына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмысты күшейтуге1893 ерікті тартылды,−деп толықтырды өз сөзін Диас Әмірханов. −Егер сіз балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз. Тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды. Жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз, балық аулау кезінде жүзу құралдарында міндетті түрде құтқару кеудешелерін қолданыңыз. Қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ, осы мақсаттарға бейімделмеген құрылымдардан суға секірмеңіз. Қараңғыда суға түспеңіз және шомылмаңыз. Иә, бұл айтылғандарды бұлжытпай орындау – әр адамның міндеті. Өйткені, әркім өз өмірі үшін өзі жауапты.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар