Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмысында үлгілі қызметші, отбасында бақытты ана - АРҚА АЖАРЫ

Жұмысында үлгілі қызметші, отбасында бақытты ана

 Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін арттыруға көп көңіл бөлінуде. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет, бұл мемлекет игілігі жолындағы адал еңбек.

Бұл сондай-ақ, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын жоғары талаптардың көрінісі. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.

Қазақстан Республикасының әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардыңжәне ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінқамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.

Ақмола облысының әділет департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы болып табылады. Бүгінгі күні Ақмола облысының әділет департаментінде 59 мемлекеттік қызметші қызмет етеді. Департамент қызметкерлерінің орташа жасы 36 жасты, мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 9 жылды, атқаратын лауазымдағы орташа еңбек өтілі 3 жылды құрайды.

Департаментте көп уақыттан бері қызмет етіп келе жатқан қызметкерлердің бірі – Бақыт Көшенова. Бақыт Төлеуқызының жалпы еңбек өтілі 40 жылдан астам, мемлекеттік қызмет өтілі 16 жыл 8 айды құрайды. Бақыт апай 1962 жылы 8 қыркүйекте Көкшетау облысы Володар ауданы Шүкірлік ауылында дүниеге келген. 1981 жылы медицина училищесін мейірбике ісі мамандығы бойынша, 2000 жылы Қарағанды ​​қаласындағы Д.Қонаев атындағы гуманитарлық институтын құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1981 жылдың шілде айында Володар аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесінде медбике болып бастады, осы ұйымда бас медбике лауазымына дейін қол жеткізіп, 1995 жылдың мамыр айына дейін жұмыс істеді. 1995-2000 жылдар аралығында Ақмола облыстық балалар ауруханасында аға медбике болып жемісті еңбек етті.

Әділет органдарындағы еңбек жолын 2006 жылдың қыркүйек айында департаменттің азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою бөлімінің жетекші маманы болып бастады.  Кейін тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалып, осы уақытқа дейін қызмет етіп келеді. Мемлекеттік қызметте өзін азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы білікті де тәжірибелі маман ретінде көрсетті. Департаментке қызметке келген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін әділет органдарының негізгі функцияларының бірі – әділет органдарынан және басқа да мемлекеттік органдардан келетін ресми құжаттарға апостиль қоюда қызмет етіп келеді.

2022 жылы апостиль қоюға жататын құжаттар саны 1249 болса, ағымдағы жылдың бес айында 357 құжатқа апостиль қойылды.Әділет органдарындағы қызметікезіндеөзін сауатты, адал, білікті, жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсете білді.Өмірлік іс-тәжірибесі мол, сондықтан да,департаменттің тәлімгерлер Кеңесінің мүшесі.

Еселі еңбегі үшін бірнеше рет департамент басшысының грамотасымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Алғыс хаты және грамотасымен, «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 30 жыл» медалімен марапатталған. Бақыт Төлеуқызы өз ісінің маманы ғана емес, сонымен қатар, аяулы да қамқор жар, өнегелі ана мен әже.Құқық қорғау органдарының зейнеткері,жұбайы Келдібек Есмағұлұлы  Көшеновпен 40 жылдан астам бірге отасып келеді.Үш баланы өмірге әкеліп, білім нәрімен сусындатып, азамат қатарына қосты. Жауапкершілігі мол, еңбекқор ата-ана балаларын мейірімділік пен ізгілік, адалдық және ашықтық сияқты қасиеттерге тәрбиеледі.Балалары ата-аналарының сол үмітін ақтады. Бұл күнде ұлы Ғалымбек Ақмола облыстық прокуратурасының аға прокуроры қызметін атқарса, үлкен қызы Әсел Алматы қаласында С.Асфендияров атындағы ҚҰМУ-дың ғылыми қызметкері, кенже қызы Аида Астана қаласындағы медицина университетінің студенті. Ерлі-зайыптылар балаларының жетістіктерін мақтан тұтады, шынында да бұл бірінші кезекте ата-ананың үлкен еңбегі. Биыл Бақыт апайымыз жасы толған соң зейнеткерлікке шығады. Оның өз ісіне зор жауапкершілігі, осы саладағы қол жеткен жетістіктері ұзақ уақыт бойы департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне үлгі болары анық.

Д.ИБРАЕВА,
Ақмола облысының әділет департаменті
әкімшілік бөлімінің басшысы.
 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар