Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Медициналық қызмет халық көңілінен шығуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Медициналық қызмет халық көңілінен шығуы керек

Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Наумова Көкшетау қаласындағы медициналық ұйымдардың  тыныс-тіршілігіментанысып, шешімін күткен мәселелеріне назар аударды, дәрігер мамандармен және науқастармен кездесу барысында денсаулық сақтау саласын дамыту тұрғысында қабылданып жатқан заңдар туралы әңгімелеп, олардың мән-маңызына тоқталды.

Динара Наумова жұмыс сапарын облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жанындағы «Қамқорлық» оңалту орталығынан бастады. Биыл ғана ашылған аталмыш нысан жылына 600-ге жуық балаға медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсете алады. Қазір мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған, дамуында туа біткен ауытқуы және жүйке жүйесінің аурулары бар балалар ем қабылдап жүр.

Жаңа оңалту орталығы заманауи медициналық көмекке негізделген және жоғары стандарттарға сәйкес келеді. Бұл нысан 100-ден астам жаңа медициналық техникамен және құрал-жабдықтармен жабдықталған. Динара Наумова оңалту орталығының түйіткілді мәселелеріне назар аударып, проблемаларды шешудің жолдарын қарастырды. Депутаттың айтуынша, олқылықтардың орнын толтыру үшін маңызды шешімдер қабылданатын болады.

Әрі қарай Динара Наумова көпсалалы облыстық ауруханада болды. Ол медициналық мекеменің құрамымен танысып, дәрігерлермен, медициналық қызметкерлермен және пациенттермен кездесті. Олар өз кезегінде жұмыс барысында кездесіп жататын, өздерін толғандыратын мәселелерін ортаға салды. Халық қалаулысы өңірдің денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелердіжазып алып, Мәжіліске жеткізетініне сендірді. Өз кезегінде Динара Наумова медициналық қызметтердің сапасына, медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігіне және ауруханалардың жағдайын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударды.

–Денсаулық сақтау жүйесінде шешуді қажет ететін күрделі мәселелер жеткілікті. Әр жағдайдың өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір өзекті мәселелерді өз бақылауыма алып, Мәжілісте қарастыратын боламыз, бірқатарын жергілікті мәслихат деңгейінде шешуге болады, – деп қорытындылады сөзін халық қалаулысы.

Бұл күні Динара Русланқызы «Ерекше өмір» әлеуметтік бейімдеу және педагогикалық түзету орталығына, «Виамедис» оңалту орталығына да ат басын тіреп, аталған мекемелердің бүгінгі жай-күйімен танысып, қызметкерлерімен тілдесті. Медициналық мекемелердің мәселелерін тыңдап, қолдан келгенше шешу жолдарын қарастыратындығын жеткізді. Бұл күні депутат Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде де болды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар