2023 жылғы мамыр айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.

Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2023 жылғы мамырда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы желтоқсан айына қарағанда 105,2 пайызды құрады, 2022 жылдың осы кезеңінде – 108,2 пайыз, республикалық мағынада –  тиісінше 104,8 пайыз және 108,8 пайызды құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,8 пайызға, азық-түлік тауарлары – 5,6 пайыцзға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 6,4 пайызға қымбаттады.

2022 жылғы 6 желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 16,75 пайызды құрайды.

Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 1,7 пайызға азайып, 94,7 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 35,5 миллиард  АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 59,2 миллиард АҚШ долларын құрады.

Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 12 филиалы және «Қазпочта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.

Валюта нарығы. 2023 жылдың мамыр айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 446,60 теңгені,  еуроға – 485,28 теңгені, ресей рубліне – 5,40 теңгені құрады.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ақмола облысында 66 айырбастау пункті, оның ішінде: 51 – банк  филиалдарының, 8 – «Қазпошта» АҚ-ның және 7 уәкілетті ұйымның 7 айырбастау пункті жұмыс істейді.

2023 жылғы мамырда облыстағы айырбастау пункттері 5,4 миллион АҚШ долларын, 0,1 миллион еуро және 257,4 миллион ресей рублін сатты. 2022 жылдың мамыр айында – 9,1 миллион АҚШ доллары, 2,2 миллион еуро және 393,2 миллион ресей рублі сатылды.

Депозит нарығы. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 325,6 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,8 пайызға, өткен аймен салыстырғанда 3,4 пайызға өсті.

Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 90,1 пайызды құрайды.

Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 11,7 пайыз, шетел валютасы бойынша – 0,9 пайыз болып қалыптасты.

Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 412,9 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 442,6 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 29,8 пайызға өсті, ал, өткен аймен салыстырғанда 3,0 пайызға өсті (2023 жылғы 1 мамырға – 4029,8 миллиард теңге).

2023 жылғы мамырда облыс банктерімен берілген кредит сомасы 2023 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 11,1 пайызға өсіп, 43,0 миллиард теңгені құрады.

2023 жылғы мамыр айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 17,8 пайызды құрады.

2023 жылғы сәуірде теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 100,0 пайыз болды.

Тұтынушылық кредиттер. Облыс халқының банктердің тұтынушылық несиелері бойынша берешегі 162,3 миллиард теңгені құрады. 2023 жылғы мамыр айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2023 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 13,9 пайызға өсіп, 18 919,2 миллион теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер. Облыс халқының банктердің ипотекалық кредиттері бойынша берешек сомасы 139,2 миллиард теңгені құрады. 2023 жылғы мамыр айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 3 879,7 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 20,5 пайыз немесе 1 000,9 миллион теңгеге азайды.

Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2023 жылғы 1 маусымға 70,8 миллиард теңгені құрады. 2023 жылғы мамыр айында 11 255,2 миллион теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 26,3 пайызға өсті (2023 жылғы сәуірде – 8 913,1 миллион теңге берілді). 2023 жылғы мамырда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 18,6 пайызды құрады.

Төлем карточкалар нарығы.

Облыс бойынша айналымдағы төлем карточкаларының саны 2023 жылғы 1 маусымға 1 949 мың бірлікті құрады (алдынғы аймен салыстырғанда 4,6 пайызға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,8 пайызы.

2023 жылғы сәуір айында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялар көлемі 160 719,6 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 4,0 пайызға азайды). Транзакциялар саны 14 043,5 мың транзакцияны құрап, 10,9 пайызға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 14,1 пайызға өсіп, 13 359,8 мың транзакцияны құрады, сомасы 9,8 пайызға өсті (мөлшері 114 068,2  миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 28,3 пайызға дейін азайды (транзакциялар саны 683,7 транзакцияны құрады), сомасы 26,6 пайызға азайды (мөлшері 46 651,4 мың теңгені құрады).

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 29 042 POS-терминал, 400 банкомат, 21 503 кәсіпкер[1]; 27 200 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша

[1]Эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлер.

[1]Эквайерментөлемкарточкаларынұстаушыларғақызметкөрсетушартынжасағанкәсіпкерлер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар