«101» желісінің кезекші маманы

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері көбіне ер адамдардан тұрады. Бірақ, олармен бірге, өрт сөндіру қызметінде әйелдер де жұмыс істейді. Оларды көргенкезде бойларына әскери форма жараса қалған нәзік жандылардың осы бір ауыр салада жүрген қайсарлығына сүйсіне түсесіз. Көкшетауда сондай құрметке лайық жандардың бірі Айнагүл Рахметоллақызы Хайыржанова десек қателеспейміз.

Айнагүл Рахметоллақызы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының аға диспетчері болып істейді.20 жылдан астам уақыт бойы ол төтенше жағдайға тап болған адамдардың қоңырауларына жауап беріп, жылдам шешім қабылдайды. Таңертеңгі тоғыздан келесі күні тоғызға дейін бір ауысым бойы қызметінде болғанында оған өте көп сұрақтар қойылады. Оның бәрі шапшаңдықты және дұрыс шешімді қажет етеді. Мұндағы шешім қабылдаудың ұзақтығы бірнеше секундқа ғана созылады. Оның дабылы бойынша өрт сөндірушілер адам қиындыққа тап болған жерге, отпен күресуге асығады.

–Диспетчер –өрт туралы хабарды қабылдайтын бірінші адам. Біздің міндетіміз тез арада жағдайды бағдарлау, өрт сөндіру есептерін үйлестіру және оқиға орнына өрт сөндірушілерді жіберу. Мұның бәрі өте шапшаң қимылды талап етеді. Өйткені, адам өміріне қауіп-қатер тудыратын отты ауыздықтау осы секундтар мен минуттарға тікелей байланысты, – дейді   Айнагүл Рахметоллақызы.

Азаматтық қорғау майоры осы саладағы өз қызметін 2002 жылы Ақмола облысы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Щучье ауданы байланыс пунктініңдиспетчері қызметінен бастады. Әріптестері Айнагүл Рахметоллақызы өз ісінің шынайы шебері ретінде сипаттайды. Адал қызметі үшін салалық медальдармен және Алғыс хаттармен марапатталған. Бұл біздіңше, кейіпкеріміздің іскерлік пен адамгершілік қасиеттеріне берілген әділ баға.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар