Ауылдардың  тұрмысында оң өзгерістерді байқадық

Осы аптада өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері үшін Бұланды және Шортанды аудандарына баспасөз  туры ұйымдастырылып, оның барысында ел игілігі үшін ауылдық жерлерде атқарылып жатқан жұмыстармен жақын танысу мүмкіндігі туды.

Ең алдымен, Бұланды ауданының Вознесенка ауылына келген ақмолалық журналистер аудан әкімінің орынбасары Ардақ Смаиловпен  кездесті. Ол келген қонақтарға ауылды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

− Биыл Вознесенка ауылын дамытуға қомақты қаржы бөлінді. Аталмыш ауылға апаратын көпір салу жоспарлануда. Сондай-ақ, мұнда жаңа мәдениет үйінің құрылысы және мектеп пен су құбырын қайта жаңартужұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Вознесенка орта мектебіне жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары  екі кезеңге бөлінген.  Барлық қабаттарда электр сымдары таратылып, спорт залдағы шатыр жабылды. Бұл жобаны келесі жылы аяқтау жоспарлануда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша су құбырын қайта жаңарту жобасы 594 миллион теңгені құрамақшы. Жоба мердігері «BEST STROI  GROUP» Ltd  компаниясы болып табылады.  Арнайы шарттар жасалып, қаржылық төлемдер жүргізілді. Су құбырының жалпы ұзындығы 42 шақырымды құрайды. Бұл жоба екі жылдық болып табылады. Су ағатын ұңғыма тоғыз шақырымды құрайды. Құбырға арналған барлық қажетті материалдар бар. Алдағы уақытта осы ауылда алты жобаны іске асыру жоспарлануда. Оларға жолдарды орташа жөндеу, көше шамдарын орнату және тағы басқа жұмыстар кіреді, − деді Ардақ Смаилов.

Баспасөз турының бағдарламасы бойынша журналистер Вознесенка ауылынан кейін Қараөзек ауылына барып, ондағы мектептің күрделі жөндеу және су құбыры желілерінің құрылысымен танысты. Қараөзек ауылындағы су құбырларын жөндеу «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жасалуда. Аталмыш жоба өткен жылы басталған еді. Жоба мердігері «Казинвестстрой» компаниясы болып табылады. Ағымдағы жылға қаражат бөлініп, барлығы жұмыс кестесі бойынша жүріп жатыр. Қазіргі уақытта бұл компанияға шағымдар келіп түскен жоқ. Сондай-ақ, Қараөзек ауылының орта мектебінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

− Бұл жоба екі жылға созылған. Жобаны жүзеге асыру үшін 314 миллион теңге бөлінді. Мектепте терезелер, есіктер салынды және бірінші, екінші, үшінші қабаттың едендері ауыстырылып, барлық қабырғалар ақталды. Одан басқа, күрделі электр жүйе құрылғысы жөнделді. Биыл жаңа  су құбыры енгізіледі. Ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін қайта жөндеудің бірінші кезеңі аяқталады, − деді мектеп директоры Қалима Дайырова. Қараөзек ауылының тұрғыны Балқия Ибрагимова ауылдың дамығандығы жөнінде айтып, басшылыққа алғысын білдірді.

−Жалпы бұл жұмыстарды күнделікті бақылаймыз.Былтырдан бастап су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай, ауылдың ішінде суды пайдалануда еш кедергі жоқ. Мектебіміз де салынып жатыр.  Енді балаларымыздың жаңа білім ордасында оқитыны көңілімізді қуантады, − деді ол.

Бұланды ауданынан кейін ақмолалық журналистер Шортанды ауданында орналасқан Новокубанка ауылына жол тартты. Онда олардәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өсіріп, ауыл және орман шаруашылықтарымен айналысатын «Новокубанское» серіктестігінде болды. Аталмыш кәсіпорындыосында 33 жыл бойы директор болып жұмыс істеген Кан Де Ханның есімімен байланыстырады. Сондықтан, оның құрметіне бюстін орнату туралы шешім қабылданған. Бүгінгі таңда серіктестікте спорт алаңы мен мәдениет үйі салынып, бассейн қалпына келтіріліп, жыл сайынжолдар жөнделуде. Мал шаруашылығы да ойдағыдай дамып келеді. Кәсіпорында жазғы кезеңде 210-220 адам жұмыс істейді. Басқа облыстардан келетін  адамдар үшін де қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері серіктестіктің «Жаңатолқын» спорттық сауықтыру кешенімен, баспасөз турының соңында көше-жол желілерін салу және жөндеу жұмыстарымен танысты.

− Қазіргі уақытта, Шортанды-Пригородное облыстық маңызы бар жолының құрылысы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыс кезеңінде 62 шақырым жол жөнделеді.Екі жыл ішінде 49 шақырым жол осындай жөндеуден өтті. Учаскеде шамамен 13 техника және 20 адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта олардың үздіксіз және сапалы  жұмыс істеуі үшін еш кедергі жоқ,− деді «Көкшетау жолдары» серіктестігінің учаске бастығы Артем Воронцов.

Осылайша қос ауданға жоспарланған баспасөз туры ойымыздан шығып, көзіміз көріп, көңіліміз толған жақсы істер жан жадыратты.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Рамиль ДОСУМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар