Қосшы қаласы жаңарып, мәселелері шешіліп келеді

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Целиноград ауданының бірнеше ауылы мен Қосшы қаласында болып, бүгінгі істің жай-күйін пысықтап, тиісті тапсырмалар мен міндеттерді белгіледі.

Қабанбай батыр ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша өткен ғасырдың 60-жылдары салынған жалпы білім беретін мектеп алғаш рет күрделі жөндеуден өтуде. Мұнда жоба бойынша 513 оқушының орнына 1289 оқушы білім алуда.Жөндеу жұмыстарының барысына аймақ басшысы қатты наразы болды.

–Арқаны кеңге салуға болмайды, бұрыштарды түзеңіз, қалай болса, солай істемеңіз, жауапкершілікті сезініңіз, – деп «Гранд Строй Сервис» ЖШС мердігерлерін ар-ұятқа шақырып, әрлеу жұмыстарын қалай дұрыс жүргізу керектігін ұсынды. Сондай-ақ, жұмыс қарқынын жеделдетіп, жұмысшылар санын көбейтуді, айналаны абаттандыруды, мектеп саябағындағы ағаштарды ретке келтіруді, кіреберіс жолдарды тегістеуді тапсырды.

Жамбыл көшесінің қарт тұрғыны аймақ басшысына айналаның абаттандырылғанына алғысын білдірді. Айтуларынша, ауыл тұрғындарының өтініші бойынша облыс әкімінің халықпен есеп беру кездесуінен кейін 5,5 шақырым елді мекенішілік жолды күрделі жөндеу жұмыстары басталған.

Ермек Маржықпаев құны 6 миллиард теңге болатын 1200 орындық мектеп құрылысымен танысты. Құрылыс енді ғана басталды, шұңқыр дайын, алғашқы қадалар қағылуда. Тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, мектеп ауыл оқушыларының көңілінен шығатын заманауи білім ошағы болуы тиіс.

–Біздің міндетіміз – сапалы нысан салу, ал, дұрыс жиһаз бен құрал-жабдықтарды мектеп ұжымы өздері таңдауы керек, – дейді мердігер.

– Жоба ыңғайлы. Маңызды мәселе – кадр мәселесі. Мұндай мектептерде білім сапасы жаңа мектепке сәйкес болуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев айтқанындай, оқыту әдістемесі дұрыс болуы керек,– деп есептейді облыс әкімі.

Сонымен қатар, өңір басшысы Қызылжар ауылында өткен жылы пайдалануға берілген белгілі «CITY емханасы» желісінің медициналық пунктінде болды. Оның жеке зертханасы, рентген, гинекологиялық кабинеттері бар. Дәрігер қабылдайтын кабинет те жайлы. Алда УЗИ аппаратын сатып алып, қызметкерлерге қызметтік пәтерлер салу жоспарлануда.

– Бізге күніне 20 шақты адам рентген және флюорографияға түсуге келеді. 20 минут ішінде нәтижелер шығарылады. Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары да емделеді, – дейді емдеу мекемесінің қызметкері Милана Хван. – Мәселелердің бірі – халықтың тіркелуі. Тұрғындардың көбі Ақмол ауылына тіркелуге барады, ал, бұл тиімсіз. Тіпті, ауылдағы әрбір отбасында кемінде төрт бала бар. Сондықтан, медициналық қызметті тегін, жылдам, сапалы және қолжетімді етуіміз керек.

– Шағын ауылда медициналық пункт жақсы жолға қойылған, – деп атап өтті аймақ басшысы. Сондай-ақ,ол тігін цехын аралап көрді, оның жұмысшыларымен әңгімелесті, олардың арасында ер адамдар да бар.

– Мен өте қуаныштымын. Ауыл өте жақсы абаттандырылған, жұмыс орындары ашылып, тігін шеберханасына дейін жұмыс істеп жатыр, жаңа жылға дейін сауда үйі, мейрамхана ашылады, үйлер, фитнес орталығы салынады, біздің бизнесмендерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жергiлiктi тұрғындардың өзiнiң шағын мекеніне игiлiктi істержасауға тырысуы өте маңызды. Біздің міндетіміз – инфрақұрылымды қамтамасыз ету, жолдарды төсеу, ауыз су, жарық беру, – деп түйіндеді сөзін Ермек Маржықпаев.

Аймақ басшысы Қызылжар ауылына кіреберіс жолдардың күрделі жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын да көрді.Одан әріҚосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов облыс басшысы Ермек Маржықпаевқа қалаішілік жолдардың құрылысы туралы хабарлады. Биылғы жылы Қосшыда 30 шақырым жол жөнделіп, салынады.

Облыс әкімі 1 қыркүйекте алғашқы шәкірттерді қабылдайтын Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектеп-гимназиясында болды. Мектеп 7,5 миллиард теңге жеке инвестицияға салынған.

– Басқа мектептердің балалары мұғалімдермен бірге біздің мектепке көшуге ниет білдірді, – деді мектеп директорының міндетін атқарушы Жанар Балдекова.

– Ең бастысы, мұнда ең алдымен Қосшы қаласының балалары оқиды. Қазір жабдықталуы мен мазмұны жағынан бұл Ақмола облысындағы ең үздік гимназия екенін түсінуіміз керек. Оқушылардың дұрыс таңдалуы, оқыту әдістемесінің тәсілдері, білім сапалы болуы керек. Бұл оқу орнының мәртебесі жақсы оқуға, балалардың өзін-өзі тәрбиелеуімен айналысуға міндеттейді. Балалар ғылыммен де айналысуы керек, – деді Ермек Маржықпаев білім мекемесінің басшылығына қарата айтқан сөзінде.

Соңғы уақыттан бері «Бірлік» атауы бар қала аллеясында әр кеш сайын жарық жарқырайды. Оны Қосшы қалалық мәслихатының 12 депутаты өз қаражаттарына іске қосқан.

– Мемлекет басшысы халықпен үнемі кездесіп, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға баса мән беріп отыру міндетін қойды. Қаламызға екі жыл толды, біз жерлестерге аллея сыйлауды жөн көрдік. Оның атауында әкімдікпен, қоғамдық кеңеспен және қала жұртшылығымен бірлесе шештік, – дейді қалалық мәслихаттың төрағасы Әлихан Қуатбеков.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Вероника БУРДА.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Целиноград ауданы,

Қосшықаласы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар