Жастар мүддесін көздейтін жұмыстар жалғаса береді

Ұлттық статистика бюросы ақпаратына сәйкес, Ақмола  облысында 212 мыңжас адам тұрады. Жастар облыс халқының жалпы санының 27 пайызын құрайды. Қалалық жерлерде119 мың жас немесе бүкіл жастардың 56 пайызы, ал, ауылдық жерлерде 93мың немесе бүкіл жастардың 43  пайызы тұрады.

2023 жылға жастар саясатын жүзеге асыруға облыс бойынша бюджеттен жалпы сомасы 629,8миллион теңгеқаржы бөлінген.Жастар саясатын жүзеге асыру және жастарды қолдау аясында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан 8 әлеуметтік маңызды жастар жобалары қарастырылып, жастардың барлық санаттарын қолдау шаралары жүргізілуде.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында жастар өмірінің түрлі салаларында 12 индикаторға қол жеткізуді көздейтін 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы бекітілді.Тұжырымдаманың негізгі идеясы – «жастар үшін» парадигмасының «жастармен бірге» бағытына ауысуы.Аталған тұжырымдаманы сапалы орындау мақсатында Ақмола облысының өңірлік жоспары әзірленді. Аталған жоспар шеңберінде жастармен79 бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда. Сөйтіп, осы жоспардың негізінде жастардың жан-жақты дамуына, білімі және кәсіби жағынан толысып, өсуіне, жұмысқа орналасуына,  өз ісін ашуына тиісті жағдай жасалуда.

Жастармен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – жұмыспен қамту, NEET санатындағы жастар санын төмендету және жастардың білім алуына ықпал ету.Қазіргі уақытта облыста жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызды құрап отыр. Бұл 8692 адам жұмыспен қамтылуы тиіс деген сөз. Осы ретте, жастарға келсек, жұмыспен қамту орталықтарындаоларды жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.Онда тіркелген жастар қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберіледі. 2023 жылдың басынан бастап жұмыспен қамту орталықтарына 4307жас жұмыс мәселесімен жүгінсе, олардың 3740-ы жұмыспен қамту шараларыменқамтылды. Соның ішінде 2398 қыз бен жігіт – ауылдық жерлерден.

Бүгінгі таңда жастарға түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша көмек-қолдау көрсету, яғни, іске асырамын деген жобаларына несиелер беру де назардан тыс қалмауда. Айталық, осылайша 128 адам 597 миллион теңгенің көлемінде несие алды. Сондай мемлекеттік бағдарламалардың бірі – «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы да өзі қолға алына бастаған уақыттан бері жастар мәселелерінің оң шешілуіне айтарлықтай игі ықпалын тигізуде. Биыл да жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 195 жас маманға 1 миллиард теңгенің сомасында бюджеттік несиелер және 580 маманға 200 миллион теңгенің сомасында көтерме жәрдемақы беру жоспарланған.

Жастарды жазғы кезде жұмыспен қамту мақсатындажыл сайын облыста «Жасыл ел» жобасы жүзеге асырылады. Облыс бойынша биыл да 1356 адамға осыған квота берілген. Олардың төлемақысы ең төменгі жалақы есебімен 70 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда аудандық және қалалық деңгейде осы мақсатқа 93 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, Қосшы, Степногорск қалалары мен Егіндікөл, Зеренді, Целиноград, тағы басқа аудандарда «Жасыл ел» жасақтарының жұмысы кең қанат жайған.

Облыс жастары бүгінгі таңда өз мұң-мұқтаждарымен тек жұмыспен қамту орталықтарына ғана хабарласып қоймайды, сонымен бірге, жастарға қызмет көрсету орталығына дажүгінеді.  Мәселен, жыл басынан бастап оған 245 жас қыз-жігіт келген. Солардың ішінен 181 адам жұмысқа орналасу мәселелері бойынша онлайн және офлайн түрінде кеңес алса, депозит ашу және тұрғын үй алу бойынша 33 адамға, мемлекеттік қызмет бойынша 31 адамға кеңес берілді.

Облыстық жастар-ресурстық орталығы тоқсан сайын аудандық және қалалық әкімдіктерден NEET санатындағы жастардың сапалы тізімін жинауды жүзеге асырады. Бұл шара олардың арасынан жұмыссыз жастарды анықтауға, жас азаматтарды білім беру жобаларына тартуға, адрестік жұмыс жасауға және жұмыспен қамтудың деңгейін арттыруға бағытталған.Осылайша жыл басынан бері Ақмола облысының жастар ресурстық орталықтары 1968 қыз-жігітке жұмысқа орналасу бойынша кеңес берді, оның ішінде 986 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Сол сияқты, жастарға кәсіпорындар мен ұйымдардың өздеріне қажетті жұмыс күші жөніндегі ұсыныстарымен танысуға кең мүмкіндік беру үшін тоқсан сайын «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізіледі. 13-21 маусым аралығында «Tulga Bol» жылжымалы жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.Аталған жәрмеңке аясында облыстың 14 ауданында жастарды бос жұмыс орындары туралы ақпараттандыру жүргізілді.

Облыста сондай-ақ, кадрлардың тапшылығын азайту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында«Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясы», «Ақмола облысы әкімінің гранттары» атты өңірлік білім беру бағдарламалары жұмыс істейді. Тек бір ғана 2023-2024 оқу жылындажоғары оқу орындарының студенттері үшін облыстық бюджеттен бакалавриатқа 160 грант және резидентураға 35 грант бөлінді. Ал, өткен оқу жылында 231 студент Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысының иегері атанды. Бұған дейін 110 миллион теңгені құраған бұл шәкіртақының жалпы сомасы. Бұған дейін жаңа оқу жылында 125 миллион теңгеге ұлғайғалы отыр. Осы оқу жылына студенттерден атаулы шәкіртақыға құжаттарды қабылдау қыркүйек айында басталады. Жалпы, облыста осы жоба бойынша 2500 жас білім алып, әсіресе, денсаулық сақтау саласы, тағы бірқатар салаларда жетіспей отырған кадрлар тапшылығын шешуге, яғни, оқуларын аяқтағаннан кейін өзімізде қалып жұмыс істеуге мүмкіндік туатын болады.

Облыстық  деңгейде талантты жастарды қолдауда басқарманың сан қырлы жұмысының бір бағыты. Осы сөзіміздің айғағы ретінде шығармашылық жастарға жыл сайын әрқайсысы 300 мың теңге жүлде қорымен 15 аталым бойынша берілетін «JAS AQMOLA» облыстық жастар сыйлығын атасақ та жеткілікті. Сол сияқты, «AQMOLA POWER» инновациялық жобалар конкурсы, «Студенттік көктем» талантты жастар фестивалі, «Туған жер тарихы» бейнежазбалар байқауы, «Өлең сөздің данасы, шыңдықтың анасы» поэзия байқауы, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»байқауы және тағы басқа да ауқымды дәстүрлі жобалардың іске асырылуы жастарға деген қамқорлық пен көңіл бөлушіліктің тағы бір парасы болса керек.

Енді соңғы жылдары қайырымдылық пен ізгіліктің нағыз көзайымына айналған еріктілер жұмысына келсек, бүгінгі таңда облысымызда 3800 ерікті белсенді жұмыс істеуде. Өңірлік«Еріктілерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің үйлестіруімен бұл бағытта 90 еріктілер ұйымы жұмыс атқарып жатыр. Еріктілердің белсенді жұмысының жарқын мысалы ретінде  Түркия мемлекетінде орын алған жер сілкінісінен зардап шеккендерге 15 тонна гуманитарлық көмек жиналып, жолдағанын айтуға болады. Жалпы жиналған қаражат сомасы да 4 миллион теңге. Орман өртіне байланысты Абай облысындағы төтенше жағдай кезінде де Ақмола облысы тарапынан жолданған көмекті жинауға еріктілер белсенді түрде атсалысты. Осының арқасында бұл облысқа да барлығы 20 тонна гуманитарлық көмек жолданды. Еріктілер сонымен бірге, облыс өңірлерінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға да гуманитарлық көмекті қабылдайтын пункттер ұйымдастырды.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының 2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жалпы сомасы 2,5миллион теңгеге нашақорлықтың алдын алуға және жастар арасынан есірткіге тәуелді азаматтарды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру жобасы бойыншасәуір айынан бастапбір мыңнан астам адамды қамтитын 100-ге жуық түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілгенін де атап өтпей болмайды. Бұл іс-шараларға білікті мамандар, психологтар, полиция қызметкерлері, психикалық денсаулық мамандары, нашақорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, ювеналды полиция өкілдері тартылды. Осы лот шеңберінде әскери-патриоттық клубтардың жетекшілеріне арналған семинар-тренингтер жоспарланып, ұйымдастырылды.

Облыстық деңгейде өтетін маңызды іс-шаралардың бірі жыл сайынғы «Әскерге шақырылушы күні» акциясы болып табылады. Соңғы рет аталмыш акция 6 маусым күні өткізіліп, Отан алдындағы әскери борышын өтеуге салтанатты түрде 40 жас жіберілді.Сөйтіп, олар Ақмола облысынан осы күні әскер қатарында қызмет өтеп жүрген 1000-ға жуық жерлесіміздің қатарын толықтырды.

Міне, бүгінгі таңда облысымызда жастар саясатына байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың басты-бастылары осындай. Бұған салауатты өмір салты мен спорт саласын насихаттап, дамыту орайындағы шараларды қоссақ, ауыз толтырып айтар біраз шаруалардың басы қайырылғаны анық. Бірақ, өскелең уақыт талабы, бүгінгі Жаңа Әділетті Қазақстанды құру тұжырымдамасы бізден осы жолда бұрынғыдан да бетер нәтижелі іс-қимыл күтетіндігіне сөз жоқ. Олай болса, облысымызда жастар мүддесін көздейтін істер алда да кең көлемде жалғасын таба беретін болады.

Алмас АЛИН,
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар