Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Абай күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды бүгін елімізде аталып өтіп жатқан Абай күнімен құттықтаймын!  Бұл – қазақ үшін тарихи оқиға, зор қуаныш және ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жаңа белесі, елдік пен егемендіктің жарқын көрінісі.

Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, данышпан-ойшыл Абай атамыз қазақ халқы үшін дара тұлға. Абай – жаңа қазақ әдебиетінің негізін салды. Қоғамның рухани дамуын көздеп, мәдени саланың ілгерілеуіне үлесін қосып, тарих парақтарына өзінің ізін қалдырды.

Ой санамызды жаңғыртып, сапамызды арттыруда Абай еңбектерінің алар орны ерекше. Ендеше әр жыл сайын мерекелеуге лайықты осынау айтулы күн бізді рухани байлыққа, мәдени құндылық пен адамгершілік және ізгілікке жетелейтіні анық.

Ұлы ойшылдың шығармалары халқына рухани қызметін жалғастыра берсін! «Абай күні» құтты болсын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар