Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Құрылысшылар күнімен құттықтауы

Құрметті құрылыс саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде ел экономикасының негізгі драйвері ретінде осы саланы дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Құрылыс кешені ұлттық экономиканың жетекші салаларының бірі болып саналады. Аймақтың экономикалық өсу ырғағы, сабақтас салалардың әлеуеті, қосымша жұмыс орындарының ашылуы және миллиондаған адамдардың өмір сүру сапасы көбінесе аталған саланың тұрақты дамуына байланысты.

Ақмола облысы республикада алғашқылардың бірі болып облыс орталығында ғана емес, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Макинск шағын қалаларында салынып жатқан несиелік үйлер құрылысының географиясын кеңейтуде. Бүгінде облысымыздың барлық 20 өңірінде тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.Өндірістегі ең маңызды және құнды тұлға – адам. Мұнда көп жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі мамандармен қатар, жас мамандар да иық түйістіре еңбек етуде.

Құрметті құрылысшылар!

Сіздердің мамандықтарыңыз қоғам өміріндегі ең маңызды, жасампаз және сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Өндірістік және әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салып, облысымыздың инженерлік-көліктік инфрақұрылымын дамытып жатқандарыңыз құптарлық.Сіздердің игі істеріңіз барлық ақмолалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және лайықты болашақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы күні мен аға әріптестер мен тәлімгерлерге ерекше алғыс айтқым келеді – жас ұрпақты білім, баға жетпес тәжірибемен байытып, адалдық, жауапкершілік және биік мақсаттарға жетелегендеріңіз үшін рахмет!

Құрметті құрылыс саласының еңбеккерлері мен ардагерлері, мереке күні Сіздерге жоғары кәсібиліктеріңіз, адалдықтарыңыз бен осы мамандыққа берілгендіктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтуға рұқсат етіңіздер! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, өркендеу және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

***

Құрметті  құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын!

Құрылысшының жұмысы қоғамда зор құрметке ие болыпотыр. Адамдардың өмір сүру сапасы да, ел мен өңір экономикасының серпінді дамуы да сіздердің жасампаз еңбектеріңізге байланысты. Осы тамаша кәсіп өкілдерінің арқасында біздің облыс аумағында мыңдаған шаршы метр жаңатұрғынүйлер және заманауи ғимараттар пайда болды, ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар іске асырылып, қалалар мен ауылдар көркейе түсуде.

Қажырлы еңбектеріңіз, жоғары кәсібилік, жауапкершілік, шыдамдылық қасиеттеріңіз, облысымыздыңгүлденуінежәне құрылыс саласының дамуына зор үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіргім келеді.

Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға амандық, ертеңгі күнге деген сенімділік, шығармашылық табыстар мен тартымды жобалар тілеймін!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар