Жастық жалын әр жүректе суымайды, сөнбейді

Халықаралық жастар күніне орай Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының атқаруымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оларды өткізудегі мақсат – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдени құндылықтарға тарту, осы жолда ынталандыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Шарада Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан құттықтау сөз сөйледі:

–Менің ойымша жастар ашық, белсенді және өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын азаматтар. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Жастарымыз дамудың қозғаушы күші, барлық мемлекеттік органдардың міндеті жастардың өзін-өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету» деп атап өткен болатын. Биылғы жылы жастар өңіріміздің түрлі салаларында 12 индикаторға қол жеткізуді көздейтін мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітілді. Оның негізгі идеясы жастар үшін емес, жастармен бірге парадигмасы бағытына ауысу, – деп жастар күнімен құттықтап, рахметін айтты.

Аталған іс-шараға облыс орталығының белсенді, өнерлі және талантты жастары қатысты. Жастар жиналған көрермендермен тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс сияқты ойын сайыстарын өткізді. Сондай-ақ, кеш барысында бір топ үздік қыз-жігіттер жастар саясатына қосқан үлестері үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Іс-шара соңында қала қонақтары мен тұрғындарына және жастарына «Open Air» кешкілік ойын-сауығы өткізілді. Жастармен конкурстар, көрсетілімдік қойылымдар, викториналық ойындар жүргізілді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар