Қоршаған ортаға жанашыр бол дейді экологиялық акцияға қатысушылар

Халықаралық жастар күніне орай, Қылшақты өзенінің жағасында қоқыс пен балдыр жинау бойынша кезекті экологиялық акция болып өтті.

Акцияға 200-ден астамадамқатысты. Оларжастарресурстықорталығыныңеріктілері, қалалықұйымдардыңөкілдеріжәнебелсенділер.Экологиялық акция қоршаған орта мен табиғатты күтуге бағытталған. Қопа көліндегі Қылшақты өзені сағасынан бастап оның жағалауындағы қалдықтаржиналды. Акцияға қатысушылар қатты тұрмыстық қалдықтарды қаптарға салып, жағалаудағы сыртқа шығып жатқан құрғақ өсімдіктерді тазалады.

–Бұл акция жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Ол Көкшетау қаласында ғана емес, аудандарда да өз жалғасын табатын болады, – облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков.

Одан әрі Қазақстан студенттері облыстық альянсының жетекшісі Ақбота Мұхатбекова, жалпы экоакцияның мақсатына тоқталып,әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері қала жастары осылай шығып, Қопа көлінің жағалауын тазалайтындарын жеткізді.

Жағалауларды қоқыстардан тазарту қоршаған ортаны ластанудан  сақтап, экологияның бүлінбеуіне оң әсер болады. Қылшақты өзенінің жағасының тазалығы Қопа көлінің жай-күйіне де жағымды әсер етеді. Акцияға қатысушылар тұрғындарды демалыс орындарын қоқыстан тазалауға шақырады. Тазалық акциясына қатысуға ниет білдірген адамдар облыстағы және аудандарындағы экологиялық акцияларға қосыла алады.

– Халықаралық Жастар күні қарсаңында ішкі саясат басқармасы экологиялық акция ұйымдастырды. Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы мен жастары осы экологиялық акцияға қатысып, Қылшақты өзенінің жағалауын қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргіздік, – дейді облыстық мәслихат депутаты Омар Шоназаров.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар