«Шипажай-2023» форумы: іскерлі пікір алмасу

Ақмола облысының Бурабай курорттық кентінде жыл сайынғы «Шипажай-2023» VIII  Халықаралық ғылыми-практикалық форумының ашылуы болып өтті.

Форум өз алаңында санаторийлік-курорттық саладағы қазақстандық және халықаралық сарапшыларды, ғылыми-зерттеу институттарының, оңалту орталықтарының, санаторий мекемелерінің, фармацевтикалық компаниялар мен медициналық жабдықтардың өндірушілерінің басын біріктірді.

Форумға қатысушылар санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру, үздік практикаларды қолдану мәселелері бойынша тиімді диалог пен тәжірибе алмасуды көрсетеді, санаторийлік-курортттық саладағы ұйымдастырушылық, кадрлық, зияткерлік және ғылыми мәселелерді нәтижелі талқылайды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзінің сөйлеген сөзінде санаторийлік-курорттық емдеу халықтың денсаулығын қалыптастыруда профилактикалық бағыттағы, емдеу үдерісі мен медициналық оңалтудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл біздің азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығы мен сапасына әсер ететін көп қырлы іс-шаралар кешені. Сондай-ақ, ведомство басшысы ресми ашылуы форум шеңберінде өткен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-әдістемелік орталық ретінде еліміздегі санаторийлік-курорттық саланы дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруда маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

Ғылыми-зерттеу институтының жұмысының нәтижелері табиғи ресурстардың емдік-профилактикалық қасиеттерін растаудың бірыңғай тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша «Шипажай-2023» халықаралық ғылыми-практикалық форумы санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстарды талқылау үшін өзекті және перспективалық алаң болып табылады.

Форум жоғары ғылыми деңгейде өтетініне және санаторийлік-курорттық саланың дамуына өз үлесін қосатынына сенімдімін, – деп қорытындылады өзінің құттықтау сөзін Министр Ажар Ғиният.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар