Қала, ауыл әкімдерін халық сайлады

Облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 13 тамыздағы Ақмола облысында аудандық маңызы бар қалада, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы хабарламасының негізінде Көкшетау, Ақкөл, Аршалы,  Есіл, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аумақтық сайлау комиссияларының  2023 жылғы  5 шілдедегі қаулыларына сәйкес, осы  жылғы 13 тамызға әкімдердің сайлауы тағайындалған болатын.

Сонымен, 13 тамызда Ақмола облысына қарасты 8 ауылдық округ пен Ақкөл қаласының әкімдерін сайлау болып өтті.Округтар бойынша сайлауға 40-қа жуық кандидат ұсынылды. Осы бағытта 8 аудандық, 28 учаскелік сайлау комиссиясы және 220-дан астам комиссия мүшелері жұмыс  істеді.

Сөйтіп, өткен жексенбіде облыс бойынша Көкшетау қаласы Краснояр ауылдық округінің әкімін, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының әкімін, Аршалы ауданы Түрген ауылдық округінің әкімін, Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округінің әкімін, Жақсы ауданы Калининский ауылдық округінің әкімін, Зеренді ауданы Садовый ауылдық округінің әкімін, Сандықтау ауданы Барақпай, Веселое ауылдық огругтерінің әкімдерін, Целиноград ауданы Мәншүк ауылының әкімдерін сайлау болып өтті.

– Әкімдікке ең көп тіркелген үміткерлер Зеренді ауданының Садовое селосында байқалды. Сайлау учаскелері мен комиссия мүшелері өз міндеттерін атқаруға шілде айынан бастап кірісіп кеткен еді. Алдын ала комиссия мүшелеріне кандидаттар тізімі беріліп, сайлаушыларға шақыру қағазы таратылды, – дейді бұл орайда, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Әсия Күштаева.

Сонымен қатар,мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне жағдай жасалды. Ол үшін жылжымалы жәшіктер болды. Алғаш дауыс берген кәмелеттік жасқа енді толған сайлаушылар да болды.

Тұрғындар сайлау туралы ерте естіп-біліп, өз таңдауын жасады. Ауыл тұрғындары жаңадан сайланған әкімдердің ауылға жақсылық әкелеріне сенімді. Ылайым солай болғай!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар