4,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыста мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылаудың қорытындысын шығарды.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аймақтың мемлекеттік органдарымен 4 581 901 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 3 805 692-і немесе 80 пайызы жергілікті атқарушы органдар, ал, 776 209-ы немесе 20 пайызы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері көрсеткен қызмет. Электронды форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 4 341 162 немесе 94,7 пайыз.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар мен мекемелер мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша уақытылы шаралар қабылдауда.Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша 116 өтініш және арыз-шағым келіп түсті, төрт жолданым бойынша тексеру шаралары жүргізілді, жүгінгендердің 24-інің талаптары орынды екені анықталып, құқықтары қалпына келтірілді және қорғалды.

Рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 465-бабы бойынша 9 әкімшілік хаттама толтырылды, сөйтіп, кінәлілер тарапынан 327 500 теңге көлемінде айыппұл төленді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 9 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қоғамдық бақылау аясында 49 рет мемлекеттік органдар мен ұйымдарды аралап, көру жүргізіліп, нәтижесінде 36 бұзушылық анықталды, оларды жою бойынша 36 ұсыным енгізілді.

Жазира СЕЙІТМАҒАНБЕТОВА,
 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар