Еліміз бен өңіріміздің үміттері шыңдалуда

Салауатты өмір салтын насихаттау және елімізге белді спортшылар даярлау бағытында Бөгенбай батыр атындағы Ақмола облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерві мектеп-интернат-колледжінің аларорны ерекше. Ол өзінің ширек ғасырға жуық тарихында Әлем чемпионаттарының жиырмаға тарта чемпионы мен жүлдегерін тәрбиелеп шығарды.

Спортты жанына серік еткен, осы салада үлкен жетістіктерге жетемін деген  талапты балаларға арналған бұл аталмыш спорт мекемесінің іргетасы  1999 жылы қаланған. Сол жылы жаңадан ашылған спорт мектебікүні бүгінге дейін өңіріміздің абыройын асқақтатқан спорт тарландарын тәрбиелеп келеді. Әрине, қиындықтар да жоқ емес. Алғашында арнайы спорт залдары, жаттығуға арналған жабдықтар  жетіспеген. Соның бәрін еңсеріп,алға қадам басқан спорт мектебінің жыл сайын материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы нығая түскен. Бүгінгі таңдаоқу орны кәсіби спортшыларды даярлайды. Осы жерден көптеген ұл-қыздар бірден ұлттық құрама қатарларына қосыла алады. Бұл колледжде негізінен, спортшылар резервте  тұрады.

Қазіргі таңда мектеп-интернат-колледжінде алты спорт бөлімі жұмыс істейді.Олардың қатарында ауыр атлетика, бокс, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, жүзу спорты бар. Мұнда барлығы 200-ге тарта жасөспірім ұл мен қыз жаттығады. Өткен күзде «спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы» мамандығына оқуға қабылдады. Спорт  мекемесі басшысының мәлімдеуінше, жаттықтырушылар құрамы мен жұмыс сапасы бүгінде айтарлықтай жақсарған. Әр тәлімгер өз ісінің маманы және әр баланы дайындауға жеке тәсілдер мен әдістемелердіпайдаланады.

–Бүгінде біздің мектеп-интернат колледжінде 16 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Оларауыр атлетикаданҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей ПетровичШевченкожәне бокстан дәл сондай атақ иесіМағзұм Сәлімжанұлы Исенов. Үш жаттықтырушы-оқытушымыз – Қазақстан Республикасыныңхалықаралық дәрежедегі спорт шеберлері,  екеуі КСРО спорт шебері  және бесеуіҚазақстан Республикасының спорт шебері. Әрқайсысы өз ісінің білікті маманы. Балаларды спорттың негізгі талаптарына үйретіп, чемпион болуға тәрбиелейді. Жаттықтырушы-оқытушылардың орташа жалақысы 220 мың теңге,мұны көп деуге келмейді. Бірақ, соған қарамастан, бапкерлеріміз өз жұмысына бар күш-жігерін салып, ештеңеден аянып қалмауда,  – дейді оқу орнының  директоры  Ерік Бекімұлы Жапаров.

Тұрақты қаржыландырудың арқасында интернат колледжінде заманауи жүзу бассейні, күрес, бокс және ауыр атлетика залдары бірқалыпты жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, медициналық-қалпына келтіру орталығы да бар. Спорт залдары оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге арналған  құрал-жабдықтармен және қосымша қажеттіліктермен толықтай жабдықталған. Спорттық формамен интернаттың жетекші спортшылары қаржыландыруға қарай қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, шағын футбол алаңдары мен орман ішінде серуендеу жолдары бар. Спорт сарайының залдары арнайы сабақтар үшін де пайдаланылады.

Бүгінде болашақ чемпиондарды даярлаумен айналысатын спорт мекемесі атына сай барлық қажеттіліктермен толықтай қамтамасыз етілген деуге болады.Ерік  Бекімұлының бізбен әңгімесіне қарағанда, қолдан келген мүмкіндіктер қалт жіберілмей,теориялық-физикалық тұрғыдан ғана баптау емес, спортшылардың бойында ержүректілік, намыс, табандылық сынды қасиеттерді қалыптастыруға да жете көңіл бөлінуде. Бұл тұрғыда мектеп-интернат-колледжі тәрбиеленушілерінің тұрақты жетістіктерін атап өтуді жөн көрдік.

Осы ширек ғасырға жуық уақыт ішінде мектеп-интернат-колледжін 568 түлек бітіріп шыққан. Спорт мектебі құрылған кезден бастап үш Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 16 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 67 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 559 спорт шеберіне кандидат тәрбиеленсе, 417 спортшы бірінші разрядты ересектер нормативін орындаған. Сондай-ақ, 248 оқушы-спортшы Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына енген. Ал, 500-ден астамы Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен спартакиадаларының жеңімпаздары, 40-қа жуығы Азия чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері, 20-дан астамы Азия және Еуразия ойындарының, тағы үш спортшы «Азия балалары» халықаралық ойындарының, төртеуі жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы және жүлдегерлері тұғырына көтерілген. Он алтысы әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері және екеуі Олимпиада ойындарының жүлдегерлері менқатысушылары.

Міне, осындай тәуелсіз еліміздің бүгінгі және ертеңгі үміттерін тәрбиелеп жатқан Бөгенбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерві мектеп-интернат-колледжінде болашақта да ел намысын қорғайтын білікті спортшыларымыздың қатары өсе түсетініне сеніміміз мол.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Степногорск қаласы.

Суретте:Бөгенбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің  директоры  Ерік Жапаров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар