Жақсыдан шыққан талапты өрен

Қазіргі таңда Т.А.Уәлиев атындағы спорт мектебінің базасында бокс, грек-рим күресі, волейбол, баскетбол және футбол сияқты спорт түрлері дамып келеді. Біздің бүгінгі әңгімеміз осы спорт мектебінің тәрбиеленушісі Темірлан Қаратай тұрғысында өрбейді.

Бұл спорт мектебіне қысқаша тоқталар болсақ,оған әуесқой Бокс федерациясының вице-президенті Батырбек Уәлиев демеушілік етеді.

Темірлан Рауанұлы 2002 жылы 5 наурыздатуған. Көп балалы отбасында туып-өскен оның әкесі Рауан Қаратайұлы құрылысшы, анасы Жанна Шалабайқызы Астана қаласындағы №2-ші қалалық балалар ауруханасында жұмыс істейді. Темірлан 2019 жылы №1 Жақсы орта мектебін бітірсе, 2023 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінтәмамдаған. Облыс әкімінің грант иегері болды. Ол грек-рим күресімен 12 жасынан бері айналысады. 3- сыныпта оқып жүрген кезінен бастап, әкесінің қалауымен спорт мектебінің грек-рим күресі бөліміне барды.

Бүгінде жастығына қарамастан, Қазақстан Республикасының спорт шебері,Жақсы ауданының Т.А.Уәлиев атындағыспорт мектебінің тәрбиеленушісі. Темірланның інісі Қадырлан да ағасының жолын қуып, бес жылдан бері грек-рим күресімен айналысады. Қазіргі таңда оның да  спорт шеберіне үміткер атағы бар.

Темірлан Рауанұлы 2019 жылғы 17 жастағы жасөспірімдер арасындағыҚазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері. 2022жылы 20 жастағылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионы болды.

2022 жылы Бахрейннің, Манама қаласында өткен жарыста 20 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Темірлан өзіне еркін күрестен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтіүлгі тұтады. Өзінің спорттық жолында үнемі өсумен келе жатқан Темірлан 2023 жылы 23 жастағылар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері, республикалық және халықаралық турнирлердің чемпионы және жүлдегері болуымен де қуантқан.

Темірлан Рауанұлына кезінде Олимпиада чемпионы Ю.В.Мельниченконы тәрбиелеген Е.И.Мукштадт жаттықтырушы болған. Ал, қазіргі таңда А.А.Савицкиймен және Х.Ю.Коридхемен  жаттығады.

Бүгіндеол жоғары спорт шеберлігі мектебінің бетке ұстар спортшысы. Бала күнінен спортты жанына серік еткен Темірлан Рауанұлы өңірімізге ғана емес, республикамызға да танымал спортшы. Оның бағындырар биіктері де алда. Ылайым солай болғай!

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Жақсы ауданы.

Суретте: республикалық және халықаралық турнирлердің чемпионы Темірлан Рауанұлы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар