Биыл мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесіжаңа үлгіде өтеді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде«Жаңа 2023-2024 оқу жылынадайындық және жаңа форматтағы тамызкеңесі» тақырыбында өткен брифинг барысында Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин мәлімдеді.

– 2023 жылғы 24-25 тамыз күндері облыс орталығы Көкшетау қаласында «ӘділеттіҚазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбында республикалық тамыз кеңесі өтетін болады.Биыл өңірлерде тамыз кеңесінің жұмысы бағыттар бойынша бөлінді. Ақмола облысында жазғы демалыс және сауықтыру бағыты бойынша, яғни, «Жарқын жаз: бақытты балалық шақтың бастауы» тақырыбында өткізіледі.

Бағдарлама аясында үш секцияның жұмысы жоспарлануда, онда кәсіби кадрларды даярлау, сауықтыру орталықтарының рөлі және жазғы кезеңде балаларды жұмыспен қамту идеялары талқыланады.

Өңірлік тамыз кеңестерінің жұмысына басқа облыстардан келген делегациялар, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттарының депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, ҮЕҰ, БАҚ және ата-аналар қоғамдастықтары өкілдері, білім саласының ардагерлері, сондай-ақ, министрлер (вице-министрлер), ведомство қызметінің бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері қатысады деп күтілуде, – дейді басқарма басшысы.

Бұл шынымен де, республикамыздағы педагог мамандардың бір-бірімен өзара тәжірибе алмасуына, пікірлесуіне ашық диалог алаңы болмақ.  Алдағы тамыз кеңесінде көтерілетін мәселелер жаңа оқу жылында сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізін қалауға барынша өз ықпалын тигізері сөзсіз. Брифингте сөз сөйлеген басқарма басшысы Шоқан Оразалин өңіріміздегі білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы барысы туралы да егжей-тегжейлі баяндап берді.

–Білім басқармасы облыс мектептерін жаңа оқу жылына дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.Жаңа 2023-2024 оқу жылында облыстың 542 мектебіне 137 мыңнан астам оқушы келеді, оның ішінде 14395 оқушы  бірінші сынып оқушылары.2023 жылы 101 білім беру нысанында күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге бюджеттен 9,3 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде 44 нысанды күрделі жөндеуге 8,6 миллиард теңге бағытталды, – дейді ол.

Жиын соңында басқарма басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Жасырары жоқ, соңғы жылдары өңіріміздегі әлеуметтік сала біршама алға адымдай түскен. Әсіресе, білім беру нысандарының басым көпшілігі күрделі жөндеуден өтіп, жаңарып, жасанып қалды. Ауылдарда жаңа білім ошақтары ашылып, ел халқын қуантып жатыр. Сол еңселі білім ордаларында біліммен қаруланған қазақ елінің ұл-қыздары ертеңгі күні өмір айдынында білімнің ақ желкенін желбіретіп, қазақты кемелді келешекке бастарына сеніміміз мол.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Рамиль ДУСУМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар