Ермек Маржықпаев тыл еңбеккерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Сандықтау ауданына жұмыс сапары барысында тыл еңбеккері Анна Ивановаға барып кездесті.

Кездесу барысында өңір басшысы Анна Иванова біздің облысымыздың жүз жылдық кезеңнен өткен аңыз адамы екенін айтып өтті.

«Сізбен кездескеніме өте қуаныштымын, ең бастысы сізді балаларыңыз бен немерелеріңіздің ортасында аман-есен көру», – деді облыс әкімі.

Анна Федотовна еңбек жолын 14 жасынан бастаған.
Соғыс жылдары жүргізуші болып істеген.

Жұбайы Григорий Павловичпен бірге бес бала тәрбиелеп өсірген, 7 немересі және 16 шөбересі бар.

Ең кіші шөбересі мен тыл еңбеккерінің арасы 99 жас екенін айта кетуіміз керек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар