Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтауы

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді еліміздегі ең басты мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция біздің Негізгі Заңымыз – тұрақтылықтың, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің және мемлекетіміздің демократиялық жол мен тұрақты дамуының мызғымас іргетасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екінші «Әділетті Қазақстан – Адал азамат»  Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Әділетті Қазақстан» және «Жауапты азамат» ұғымдарының бір-бірімен егіз екендігіне, біте қайнасып жатқандығына айрықша мән бере келе, ел тірегі осындай қасиеттер екендігіне тоқталған болатын.

Біздің Конституциямыз Қазақстан халықтарын біріктіретін, тұрақтылық пен келісімнің, жаңғырулар символы, ұлы істер мен ортақ жеңістеріміздің бастау бұлағы.

Бүгінде біз жаңа мемлекет құрдық деп мақтаныш сезіммен айта аламыз, ата-бабаларымыздың еркіндікке, азаттыққа ұмтылған ғасырлар бойғы арман-мұраты, үміті ақталды.

Негізгі Заңға сүйене отырып біз қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді бекіте түсеміз, қоғам дамуының алғышарттарын жасаймыз, әрбір тұлғаның шығармашылық, интеллектуалдық және кәсіби өсуіне мүмкіндік туғызамыз.

Құрметті жерлестер! Әрбір отбасына бақыт пен табыс тілеймін. Еліміздің өркендеп, көркеюіне еңбек ете білсек, толайым табыстарға жетеріміз сөзсіз!

***

Қымбатты Ақмола облысының тұрғындары!

 Депутаттық корпусы атынан сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен жылы жалпыұлттық референдум барысында еліміздің Басты Заңына түзетулер енгізілді. Қазақстанның барлық азаматтары конституциялық құқықтарын пайдалана отырып, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің жан-жақты жаңғыртуға бағытталған реформаларын қолдады.

Жалпы алғанда, мемлекеттік басқарудың аса маңызды аспектілерін қозғайтын және бүкіл саяси жүйенің ауқымды өзгерістеріне бағытталған ҚР Конституциясы баптарының үштен бірі жаңартылды. Прогрессивті конституциялық нормалар экономикалық дағдарыстарды сәтті жеңуге және сенімді алға жылжуға ықпал етеді.  Мемлекет басшысы ұсынған реформалар еліміздің дамуына және әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыруға үлкен серпін берді.

Жаңартылған Конституция – бұл Республиканың бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың, сондай-ақ, Жаңа, Әділетті Қазақстанның табысты құрылуының сенімді кепілі.  Негізгі Заң ұлттың бірлігін, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылықты, кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салуды бекітетін күшті шоғырландырушы фактор болып табылады. Оның нормаларын мүлтіксіз сақтау, құндылықтарын құрметтеу ғана республикамыздың серпінді дамуының, әрбір тұрғынның әл-ауқатының кепілі болып табылады.

Құрметті ақмолалықтар, белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз, күнделікті қажырлы еңбектеріңіз және туған өлкенің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Бейбіт аспан, бірлік пен келісім, әрбір отбасына зор денсаулық пен амандық, ертеңгі күнге мол сенім тілеймін!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар