Ақмола облысында «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Көкшетауда «Еңбек жолы» өңірлік конкурсының қорытындысы шығарылды. Жыл сайынғы іс-шара еңбек адамының беделін арттыруға, нәтижелі еңбекті ынталандыруға, жұмысшы кәсіптерін насихаттауға, жастарды өндіріс саласына тартуға, сондай-ақ жұмысшы әулеттерінің көп жылғы дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.  Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев «Еңбек жолы» өңірлік конкурсының жеңімпаздарына атаулы дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Ағымдағы жылы «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін 3 номинация бойынша 42 өтінім берілді. Оның ішінде көбісі – 18 өтінім «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша келіп түскен болатын.

Конкурс жеңімпаздарын өңірлік деңгейде іріктеу үшін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжановтың төрағалығымен және жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлерінің, сондай-ақ аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия құрылды.

Конкурс қорытындысы бойынша Степногорск қ. “Степногорск тау-кен химия комбинаты” ЖШС экстракция цехының 3-разрядты аппаратшы-гидрометаллургі Олег Гончарик “Үздік еңбек әулеті” номинациясында үздік болып танылды, еңбек әулеті – 3 ұрпақ (әкесі, ұлы, немересі). Әулеттің осы кәсіпорындағы жалпы еңбек өтілі
154 жылды құрайды.

Бурабай ауданы, “RG Gold” ЖШС үймелі шаймалау учаскесінің шебері Құндызбек Нұқышев жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері болып танылды, жалпы еңбек өтілі – 42 жыл, өзінің ұзақ еңбек қызметінде бірнеше үздік мамандарды тәрбиеледі.

Зеренді ауданы, “Altyntau Kokshetau” АҚ КБАЖ бойынша жетекші инженер Дамир Шакеев өндірістің үздік жас маманы болып анықталды, жалпы еңбек өтілі – 4 жыл. Жұмыс істеген уақытта ол өзін жауапты, еңбекқор, келешегі бар қызметкер ретінде көрсетті.

«Еңбек жолы» конкурсының өңірлік деңгейі жеңімпаздарының материалдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне алдағы уақытта республикалық деңгейде қатысу үшін жіберілді.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар