Декларациялаудың екінші кезеңі жүріп жатыр

Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі» тақырыбы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Шара барысында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова баяндама жасады. Баяндама барысында төмендегідей мәліметтер айтылды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялаудың екінші кезеңі басталған. Екінші кезеңде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тағы басқа салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен жұбайлары өз табыстарын декларациялауға міндетті. Облыс бойынша мұндай қызметкерлердің саны 100 мыңнан астам адамды құрайды. 2023 жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 83 887 жеке тұлға тапсырды, бұл осындай міндеттемесі бар төлеушілердің жалпы санының 84 пайызын құрайды. Жинақталған активтер мен қолда бар міндеттемелерді тіркеу үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады. Кейінгі жылдары кірістер мен мүлік туралы декларация да ұсынылады.

Айта кету керек, егер декларацияны жоғарыда аталған азаматтар санаты тапсырса, декларация түрінде «бастапқы» «В» санаты көрсетіледі. Декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі 2022 жылғы 15 шілдеден, ал, электронды түрде 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмеуі керек.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық түрде беруге болады. «Электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ, МКК «eSalyk Azamat» и «eGov mobile», «Халық банкінің» мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар