Қорғаныс мәселелері де назардан тыс қалмады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекеттің экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің басшылығы барлық жеке құраммен бірге мұқият тыңдап, танысып шықтық.

Осы жылғы Жолдау Мемлекет басшысының Парламент депутаттарын құттықтап, көптеген заң жобасына бастамашылық етіп, өзекті мәселелерді батыл көтергендері үшін алғысын білдіруімен басталды. Шын мәнінде, биылғы жылы сайланған ел қалаулылары тың қарқынмен іске кірісіп, халықпен тығыз жұмыс атқарып келгені байқалады.

Жолдаудың қызу талқыға түскен мәселелерінің бірі – аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін халық өз дауыстарын беріп, сайлау арқылы тағайындалатыны. Бұл – елдегі саяси жүйені одан әрі жетілдіріп, демократияға бағытталған маңызды қадам деуге болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлер мен әкімдер салалық шешімдерді дайындау мен орындауда үлкен дербестікке ие болды. Бұл реформаны өз басым құптаймын. Себебі, дербес құқыққа ие болған шенеуніктер жергілікті орындарда өзекті мәселелерге байланысты бюджетті өздері қарастырып, өз бетінше шешім шығара алады.

Сондай-ақ, атом электр станциясын салу мәселесін жалпы ұлттық референдумға шығару туралы ұсыныс – бұл Мемлекет басшысының халықпен санасатынын, демократиялық принциптерді берік ұстанатынын анық көрсетеді.

Сонымен қатар, ел басшысы қорғаныс мәселесіне де назар аударды. Бұл салада армиямызды жоғары технологиялы қару-жарақпен және әскери техникамен, соның ішінде, бронды техникамен, заманауи атыс қаруларымен жабдықтау   қажеттілігін және ол үшін техниканы шұғыл жөндейтін өндіріс орындарын, отандық кәсіпорындарды ашып, оларға қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы бүгінгі таңда халқымыздың болашақта дамып, өркендеуін, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін айқындайтын, көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған маңызды құжат деп білемін. Құқықтық тәртіп әскері – Ұлттық ұлан өз тарапынан татулық пен даму, тұрақтылық пен тыныштық, адам мен қоғамның қауіпсіздігі принципіне негізделген құндылықтардың мәңгі һәм мызғымас қорғаушысы бола бермекші.

Манат НАУКЕЕВ,
5510 әскери бөлімінің командирі,
полковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар