Қосымша ғимаратпен мектептің тарлығы артта қалды

Ақкөл ауданы ел жүрегі Астана қаласына жақын орналасқан елді мекен. Сонымен қатар,  аудан орталығы Ақкөл еліміздегі алғашқы «ақылды қала».  Сол себепті де, мұнда тұрғындардың саны жыл сайын артып келедіДемек, бұл әлеуметтік нысандарға да сұраныс арта түсті деген сөз.            

Осы мәселені шешу мақсатында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Ақкөл ауданының №4 жалпы білім беретін орта мектебіне қосымша ғимарат салынып, биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілді. Қосымша ғимарат 80 оқушыға лайықталған. Заманауи жабдықталған жаңа ғимаратта оқу және медициналық кабинеттер, спорт залы мен арнайы шеберханалар бар.                                                              Жаңа оқу жылының жақсы жаңалығы алда да  жақсылыққа бастайды деп ырымдап отыр ата-аналар қауымы. Оқушылар игілігіне пайдалануға берілген жаңа ғимараттың өңірімізде үш ауысымдық мектептер мәселесін түбегейлі шешуге өз септігін тигізгендігін де атап өтсек орынды.

                                                                         Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.   

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар