Инклюзивті білім беру: бірден 8 кабинет

Білім күніне орай, өңірдің жалпы білім беретін мектептерінде  инклюзивті білім беруді қолдауға бағытталған 8 кабинет іске қосылып, ерекше қажеттілігі бар балаларға есігін айқара ашты.

Инклюзивті білім беру – бұл барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі, ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізуге және әлеуметтік бейімдеуге бағытталған білім беруді дамыту процесі болып табылады.

1 қыркүйек – Білім күнінде Бұланды ауданының Макинск қаласындағы мектеп-лицейі мен №1 орта мектебінде, Біржан сал ауданының Макинка ауылындағы орта мектепте, Ерейментау қаласының №1 мектебінде, Степногорск қаласының А.Байтұрсынов атындағы №2 және Ю.Гагарин атындағы №7 орта мектептерінде, Шортанды ауданының Бозайғыр ауылы мен Жолымбет кентіндегі мектептерде жалпы орын саны 117 оқушыны құрайтын 8 инклюзивті кабинет ашылды. Бұл оқиға балалар, ата-аналар мен мұғалімдер үшін өте маңызды.

Мұнда оқушылар жалпы білім беру сыныбындағы негізгі оқу үдерісінен шықпай, өз қажеттіліктеріне сәйкес дефектолог, логопед, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент тәрізді кәсіби мамандардан  көмек ала алады, яғни, аталған мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық, түзету-дамыту жұмыстарын сол жерде ұйымдастыра береді.

Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқу-тәрбие процесіне тиімді тарту үшін инклюзивті білім беруді қолдаудың барлық кабинеттерінде инклюзивті білім беру және кедергісіз орта қалыптастырылған.

Облыстық білім басқармасы мамандарының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда облыста инклюзивті білім берудің 30 кабинеті жұмыс істейді. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 20 кабинет ашу жоспарланып отыр.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар