«Қуантсаң, баланы қуант» деген рас-ау…

ELIGO еріктілер тобы Анар ауылдық округінің кішкентай тұрғындары үшін ойын алаңын салып беру жұмыстарына кіріскен.     

Елімізде қазіргі уақытта демографиялық ахуал жоғарылап келе жатқандығын байқауға болады. Осыған байланысты балалардың жақсы дамуы үшін түрлі инфрақұрылым нысандары қажет. Әсіресе, балалардың таза ауада түрлі ойындарды ойнауларына жағдай қалыптастыру қажет. Сондықтан, қалалық саябақтарда немесе балабақшалар мен бөбекжайларда ғана емес, ауылдық жерлерде  балалардың ойын алаңдарын салған жөн.

Анар ауылдық округіне Астана қаласынан еріктілер тобы келіп, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «Art Land» балалар спорттық ойын алаңын тегін салып беруде. Аумағы 43  гектар жерді құрайтын учаскені де өздері дайындап, жұмысты бастап кеткен екен.

–Бұл біздің округтегі алғашқы балалар алаңы және оны Астана көшесіндегі округтің орталығында салып жатыр, – дейді ауыл тұрғындары шын риза көңілмен.

Аудандық ішкі саясат бөлімі мамандарының мәлімдеуінше, алаң құрылысын бастамас бұрын еріктілер Астана қаласында қайырымдылық кештері мен концерттерін ұйымдастырыпты. Сондай-ақ, қол ұшын бергісі келгендер де ақшалай үлестерін қосқан көрінеді. Жиналған қаржыны еріктілер осы алаңға жұмсауда. Бүгінгі таңда алаңға  қиыршық тас, бедер тас төселген, балалар мафтары, спорттық жабдықтар әкелінген. Енді бір санаулы күндерден соң ауылдың кішкентай тұрғындары ата-аналарымен бірге өздерінің бос уақыттарын жаңа жабдықталған осы ойын алаңында өткізетін болады. Сол үшін де ауыл тұрғындары ELIGO еріктілер тобына шынайы алғыстарын жеткізуде.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар