Білім күні, мектеп

Білім күніне орай, Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайсаның қатысуымен Краснояр жолында қалалық білім бөлімінің №9 мектебінің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шарада қалалық білім бөлімінің басшысы Айгүл Нөгертаева, педагогика ардагері Күләш Қатжанова, мектеп директоры Тілеген Амангелдіұлы, шағын аудан тұрғындарының атынан СәрсенбайСердалинұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды Білім күнімен және көптен күткен жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтады.

Жаңа ғимарат облыс әкімдігінің қолдауымен салынған. Қазақ тілінде білім береді. 312 оқушы оқитын аумағы 11 мың шаршы метрді құрайды. 45 оқу кабинеті,спорт залы, асханасы және медициналық кабинетпен шағын орталығы бар. Орталықтандырылған жылу және су жүйесімен қамтамасыз етілген мектепте 2023-2024 оқу жылына 25 сыныпқа 576 бала қабылданып, білім ала бастады. Оның 3 сыныбы немесе 66 оқушысы бірінші сыныпқа қабылданушылар.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар