Байтақ жер – туризмді дамыту жобасы

«Байтақ жер» жобасын «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) жүзеге асырады. Оның мақсаты – туризм саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің ауылдық кәсіпкерлері мен үкіметтік емес ұйымдарды қолдау. Жоба 2022 жылы күзде Ақмола облысының 3 ауданында – Зеренді, Сандықтау және Қорғалжын аудандарында – жұмысын бастады.

Жоба 1 жыл ішінде 40-тан астам кәсіпкерді туристік бизнес негіздеріне үйретіп, 3 кәсіпкер мен 3 ҮЕҰ-ға қолдау көрсетіп, туризм тақырыбы бойынша онлайн-курс пен подкаст жазды.

Ақмола облысы кездейсоқ таңдалмаған. Біздің өңіріміз, ең алдымен, туризммен байланысты, бізде 2 курорттық аймақ – Щучье-Бурабай және Зеренді, Қорғалжын қорығы және «Бұйратау» ұлттық паркі бар. Бұл жобаны облыс аумағында іске асыру туризмнің біз үшін үлкен маңызға ие екенін көрсетеді».

«Шеврон» компаниясы «Байтақ жер» жобасын жүзеге асыруда Орталық Азияның Еуразия Қорымен серіктестігін мақтан тұтады. Біздің мақсатымыз – туризм саласында жұмыс істейтін Ақмола облысындағы ауылдық кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдарды қолдау. Біз туризмнің осы аймақтың дамуында маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз және бұл ынтымақтастық туристік инфрақұрылымды нығайтуға және экономикалық дамуға деген ұмтылысымызды растайды», – дейді «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмуханова. Жоба Ақмола облысында болашақта да жұмысын жалғастырады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар