Көмір тұйықтарында 70 мың тонна көмір бар

Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық аяқталуда. Бүгінге дейін аймақта жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілді, қазандықтар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандары дайындалып, жөнделді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Көкшетау және Степногорск қалаларында жылумен жабдықтау мәселелерін шешу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлінді. Алдыңғы кезектегі міндеттердің қатарында қазандықтарды, жылу желілерін жөндеу, облыс орталығындағы жылу көздерін қалпына келтіру, сондай-ақ, Степногорск қаласындағы магистральдық желілерді жөндеу қарастырылған.

Халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда ұсталуда. Ақмола облысының күзгі-қысқы кезеңде көмірге қажеттілігі шамамен 1,5 миллион тоннаны құрайды, оның ішінде халық үшін 1 миллион тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге 530 мың тонна көмір керек. Қазіргі уақытта көмір сататын 56 пункт жұмыс істейді. Жеткізу көлемін ұлғайту мақсатында өңірлік операторлар тізбесіне 16 ауданнан 66 өнім беруші енгізілді.

–Облыстың көмір тұйықтарында шамамен 70 мың тонна көмір бар. Облыс орталығында 15 050 тонна көмір бар болса, оның 9 180 тоннасы Шұбаркөл, 5 200 тоннасы Қаражыра, 470 тоннасы Майкөбе, 200 тоннасы «Богатырь» көмірі. «ЖК Қасымов» көмір тұйығында «Шұбаркөл» маркалы 4 800 тонна көмір және бар. Кезек жоқ, – деп атап өтті ведомствода.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар