Ниет дұрыс. Тек аудандардан жоқ…

Облыстық жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Отбасы – өмір аясы» байқауы мәресіне жетіп, Көкшетау қаласынан «Жұлдыз» командасы жеңімпаз атанды.

Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу аясында және бірлігі жарасқан, берекелі, үлгілі жас отбасыларды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, қоғамдағы әке мен ананың мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған байқауғақатысуға өңір аудандарынан 20-дан астам өтініш түсіпті. Іріктеу барысында олардың 5-еуі ақтық мәреге жолдама алып, 3 адамнан құралған командалар өзара бақ сынасты.

Үш кезеңнен құралған байқаудың алғашқы айналымында командалармен заманауи отбасының жағымды бейнесін, рухани-адамгершілік,  отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және ата-аналар мен балалар арасында өзара сенімді қарым-қатынас орнату бойынша«Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің мамандары тренинг өткізді. Бұдан әрі қатысушыларзияткерлік және спорттық ойын кезеңдерінен өтіп, түрлі бағыт бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап беріп, эстафеталық жарысқа қатысты.

–Отбасы – мемлекетімізді құрайтын қоғамның ең маңызды бөлшегі. Облыстық жастар-ресурстық орталығы жылда Отбасы күніне орай, жас отбасылармен түрлі форматтарда, әртүрлі бағытташаралар өткізіп отырады. Биылғы байқауға қатысушыларға, әсіресе, Степногорск қаласынан арнайы келіп қатысқан Белгібаевтар отбасына ұйымдастырушылар атынан алғысымды білдіремін, – деді жастар ресурстық орталығының жастармен жұмысты үйлестіру бөлімінің басшысы Әсия Закенай.

Байқау соңындабірінші, екінші орындар көкшетаулықтардың еншісіне бұйырды. Бірінші орынға Сабыржановтар отбасынан құралған  «Жұлдыздар» командасы қол жеткізсе, екінші орынды Нүкеновтердің «Болашақ» командасы иеленді. Үшінші орынғастепногорлық Белгібаевтардың«Белгі» командасы ие болды. Сонымен бірге, сайысқа қатысқан Құрманғожиндер мен Қайдаровтардың да отбасыларын атап өткен жөн, олар ұйымдастыру алқасының сертификаттарына ие болды.  Барлық қатысушыларға дипломдар және музыкалық колонкалар табыс етілді.

Ұйымдастырушылар болашақта осындай байқауларды өткізгенде іріктеу барысында қатысушылардың тұратын аудан-аймақтарына жете мән берсе екен деген ұсынысымыз бар. 4 көкшетаулық  және 1 степногорлық отбасы қатысқан байқауды облыстық деп айтуға келе ме? Әрине, жоқ.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар