Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында ата-анасы қан құюға қарсы болған сәби қайтыс болды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында ата-анасы қан құюға қарсы болған сәби қайтыс болды

Ақмола облысында ата-анасы діни наным бойынша қан құюға қарсы болған 1 жас 8 айлық ұл бала ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола көпсалалы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері жариялаған мәліметке сәйкес, 1 жас 8 айлық сәби қыркүйектің 24-де санавиацияның көмегімен «Авиценна-Бурабай» ЖШС-нің анестезиология және реанимация бөлімшесіне түскен.

Балаға бірден «екіжақты пневмония, ауыр дәрежедегі асқынуы (сепсис, СПОН, Кома 2. Бастың ісінуі мүмкін. Ou DZN ісінуі)» диагнозы қойылды.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың ата-анасы медициналық көмекке өте кеш жүгінген. Бала түскен күні UMC «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» бас штаттан тыс балалар реаниматологымен консультация өткізілді, онда балаға өмірлік көрсеткіштері бойынша қан мен оның компоненттерін құю ұсынылды.

— Ол үшін қолданыстағы норматив бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің келісімі талап етіледі (Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 137-бабының 2-бөлігі, осы Кодекстің 78-бабының 2-бөлігі көзделген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келісімді және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар үшін келісімді олардың заңды өкілдері береді.). Бұл ретте, медицина қызметкерлерінің сенімдеріне қарамастан, ата-анасы діни нанымдар бойынша қан құюға келісім бермеді. Ата-анасының қан құюдан үзілді-кесілді бас тартуын ескере отырып, аурухана директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, Ақмола облысы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы және аурухана заңгері бірлесіп консилиум өткізді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI кодексінің 136-бабының 4-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған не әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан кезде медициналық ұйым қорғаншылық және қамқоршылық органына және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.

Осыған байланысты, аурухана заң талаптарына сәйкес облыстың және Бурабай ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына жедел тәртіппен қан құю туралы мәселені шешу үшін жүгінді, — деп түсіндірді ведомствода, — деді аурухана дәрігерлері.

Қамқоршылық органдары жас баланың ата-анасымен қайт әңгімелескеніне қарамастан, олар қажетті процедураларды жүргізуге сендіре алмады. Ата-анасы баланың өмірі үшін жауапкершілік туралы жазбаша қолхат берді.

— Айта кету керек, бала ауруханаға түскен кезде баланың жағдайы өте ауыр болды, өйткені асқынулардың бірі көптеген органдардың жеткіліксіздігі болды, бұл өмірлік маңызды органдардың жұмысының тоқтатуына әкелді. 28-қыркүйекте науқас баланың жағдайы нашарлап, жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Оның өмірін сақтап қалу үшін барлық медициналық көмек уақтылы көрсетілді, — деп қосты дәрігерлер.

Денсаулық сақтау басқармасынан атап өткендей, кәмелетке толмаған науқастарға медициналық көмек көрсету мәселесі өзекті болып табылады. Өйткені, ҚР заңнамасы емдеуге және жедел араласуға міндетті келісімді көздейді. Діни наным бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартылған жағдайда медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергілер жасалады.

— Осы мәселе бойынша орталық мемлекеттік органдарға тиісті хаттар дайындалуда, — деп толықтырды ведомстводан.

Ақмола облысы ПД мәліметінше, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, бұдан бұрын діни материалдар таратқан көкшетаулық әйел әкімшілік жазаға тартылғанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар