Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің қабырғасында ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген отбасылар арасында «Отбасымның байлығы – тілдік капитал» атты облыстық байқау өткізілді.

Тағылымды іс-шараға облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардан үш тілді жетік меңгерген отбасылар қатысты.Қатысушылардың өнеріне қоғам қайраткері, қазылар алқасының төрағасы Қаратай Төлекеев, Ақмола облысы оқу-әдістемелік орталығының ағылшынтілі оқытушысы Нұргүл Темірболатова,Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жастар және отбасы істері жөніндегі бөлімінің бас маманы Мерейлім Қарауылова қазылық етті.

−Аймақта үш тілді жетік меңгерген отбасыларды анықтап, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді мақсат еткен бүгінгі  байқау еліміздің басқа отбасыларына үлгі болып табылады. Байқаудың қатысушылары аудандар мен қалалардың қарапайым тұрғындары,−деді облыстық ішкісаясат басқармасы ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әсемгүл Қазезова.

Мұндай байқау Ақмола облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған қатысуға ниет еткен әр отбасы байқаудың талаптарымен алдын ала таныстырылды. Жанат Мырзабекова аталған сайысқа отбасымен Степногорск қаласынан келіпті. Өзінің білімінің арқасында балаларына екі шет тілін үйреткен.

−Білім беру саласында еңбек ететіндіктен, мен үш тілді қатар меңгердім. Қазір жұрттың көпшілігі шетелде білім алып, саяхаттауға талпынады. Сондайда бұл өзге елдіңмәдениеті мен салт-дәстүрімен танысуға үлкен мүмкіндік. Өз басым көптеген елде болдым. Болашақта балаларым да шеттілдерді үйреніп, өзге халықтың мәдениетін білсе деймін,−деді ол.

Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Қосшы қаласынан келген Тасболатовтар отбасы бірінші орынды еншіледі. Екінші орынды Целиноград ауданынан Махановтар, ал, үшінші орынды  Степногорск қаласынан келген Қарабаевтар отбасылары иеленді. Байқауға қатысқан өзге отбасыларға Алғыс хат пен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар