Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдік пен ерлік  жырланды - АРҚА АЖАРЫ

Елдік пен ерлік  жырланды

Облысымыз ұлттық мереке – Республика күнін дәстүрлі өнеріміз ақындар айтысымен бастады. Өткен жұма күні «Көкшетау» мәдениет сарайында Республика күніне және ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат Абылай ханның 310 жылдығына арналған «Азат рухтың Абылай ханы» республикалық ақындар айтысы өтті.

Аталмыш айтысты Ақмола облысы мәдениет басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырып, қолдау білдірді. Айтыстың басты мақсаты айтыс өнерін баға жетпес асыл мұра ретінде халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету, талантты, дарынды жас ақындардың ақындық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау. Бұл жыр сайысының өзгеше  тұсы да көп болды. Себебі, қазылар алқасы әр ақынның өнерін бұрынғыдай сандық баллмен емес, сонау бабадан қалған қамшы көтеру әдісі арқылы бағалап отырды. Айтысатын ақындар да тікелей сахнада, елдің көзінше жеребе арқылы жұпталды.

Республикалық айтысты Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Құдайберлі Мырзабек жүргізіп, жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті. Қазылар алқасына Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының директоры, ақын, халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы Дәулеткерей Кәпұлы төрағалық етсе, белгіліақын-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алмас Темірбай және танымал айтыскер ақын Арман Бердалин мүше болды. Жыр додасына Астана, Алматы қалалары және Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Ақмола облыстарынан 11 айтыскер ақын қатысты. Тәуелсіздіктің маңыздылығын, саяси тұрақтылықты ұтқыр оймен жеткізе білу, суырыпсалмалықпен табан астында тауып айту, сөз өнерінің інжу-маржанын төгілдіру бұл айтысқа да тән болды. Сондай-ақ, айтысу барысында ақындар әлемде, елімізде, облысымызда болып жатқан саяси-әлеуметтік мәселелерді де  қозғап, көрермен санасына жеткізе білді.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге және 1 миллион теңге ақшалай сертификатқа Ақмола облысының ақыны Ерлан Дәулет, бірінші орын және 800 мың теңге ақшалай сертификатқа Қызылорда қаласынан келген Мұхтар Ниязов ие болды. Екінші орын мен 500 мың теңге ақшалай сертификат Астана қаласынын Иранғайып Күзембаевқа бұйырды. Үшінші орын мен300 мың теңге ақшалай сертификатты Ақмола облысының өкілі Құрмет Құралхан иеленді. Айтысқа қатысқан қалған ақындар диплом және 100 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар