Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

Номиналы 200 теңгелік банкнота мен монета туралы

Номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы өтініштерге байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын еске салады. Бұл банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез-келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті.

Номиналы 200 теңгелік банкнота  

Номиналы 200 теңгелік монета

 Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке жетелейді.

Бұған қоса, Ұлттық Банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын атап өтеміз. Айналымдағы 200 теңгелік банкноталар заңды күшін жойған жоқ, әрі табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып,  200 теңгелік монеталармен ауыстырылады.

Қосымша сұрақтар туындаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақмола филиалына 8-7162-55-18-09, 55-18-00 (ішкі 2232, 2234) телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Loading

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар