Ақмолалық спортшы садақ атудан Азия чемпионы атанды

Ағымдағы жылдың 3-10 қараша аралығында Таиландтың астанасы Бангкок қаласында садақ атудан Азия чемпионаты болып өтті. Онда Ақмола облысының спортшысы Андрей Тютюн блокты садақ атудан чемпиондық тұғырға көтерілді.

Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Үндістан спортшысы Абхишек Верманды жеңіп, финалда сегіз дүркін әлем чемпионы кореялық Ким Джонгхоннан басым түсті.

Бұл Қазақ елі үшін тарихи нәтиже болып табылады. Өйткені, бұл Қазақстан Республикасы құрама командасының садақ атудан құрлық чемпионатындағы алғашқы алтыны.

Айта кетейік, командалық жарыстарда құрамында Андрей Тютюн бар ел құрамасы финалда Корея командасына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың Андрей Тютюнді алтын медалімен құттықтауы

Жерлесіміз Андрей Тютюнді Тайланд астанасы Бангкокте өткен Азия чемпионатының алтын медалімен, сондай-ақ, ел құрамасының сапындағы күміс медалімен  құттықтаймын!

Бұл ел үшін тарихи нәтиже – Қазақстан Республикасы құрама командасының садақ атудан құрлық чемпионатында алғашқы алтыны. Сіз алдағы жарыстарда өз жеңістеріңіздің санын арттыра түсетініңізге сенімдімін. Еліміздің туының астында бұдан әрі де жоғары жетістіктерге жете беріңіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт, спорттық жеңістер мен табыстар тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар