Әдемілік-әдептілітің белгісі. Мектеп формасын сақтайық

Белгіленген заң талаптарына сәйкес әр білім алушы мектеп формасын сақтауы тиіс. Бұл ретте ата-аналар оқушыға жүктелген қағидаларды орындауға міндетті. Қазіргі кезде мектеп әкімшіліктері форманы сақтау қажеттігін үнемі ескеріп отырады, бұл туралы заң қағидалары көрсетілген, сонымен қатар көп адамдардың қалтасын бұл мәселе қысады.

Әр оқу жылы басталар кезде барлық ата-ана өз балаларын киіндіре бастайды. Киімдердің қымбаттығынан көп ата-ана наразылықтарын білдіру үстінде, әсіресе көп балалы отбасы.  Мектеп формасы алынғанның өзінде,  мектеп формасына сай форма алмайды. Оқушы болғандықтан оқушыға сай болып, бірдей әп-әдемі болып отыру керек деп ойлаймын.  Негізі біздің форманың түсі қою көк, ал қазіргі мектеп оқушыларының киіп жүрген шалбарлары болсын, пиджак болсын қара түсті. Қай мектепке барсаң да тең жартысы қара түсті формада. Аяқ киімдері спорт сабағына киетін кроссовки. Туфлиді киетін оқушы сирек кездеседі. ХХІ ғасырдың оқушылары «Батысқа» көп еліктеп кеткендей, барлығын жаңаша істеу үстінде,

Енді, менде сұрақ туындайды? Осындай қалпымызбен біз мектеп формасы деген сөздің мағынасын қашырмаймыз ба? Осыдан кейін мектеп оқушылары мектеп формасын сақтау қажет пе? Әрине, сақтау қажет, мен бұл тәртіппен толық келісемін. Ал егер әртүрлі форма, ойына киген киімін кисе, ол көзге жаман және әдемі болып көрінбейді, тәртіпке де сай емес. Тәртіп болмаған жерде, шынайы білім болмайды. Мектепте әртүрлі жағдайдағы оқушылар оқиды, біреуі бай, біреуінің жағдайы төмен дегендей, бірақ білім ордасында бәрі бірдей болып жүру керек, сонымен қатар окушылардың әлеуметтік жағдайын да көрсетпейді, яғни отбасы жағдайы төмен балалар да, жағдайлары жаксылар да бірдей болып көрінеді. Егер де әркім өз қалауынша киінетін болса, кімнің окушы кімнің мұғалім екенін білмес едік. Мектеп партасында барлығы бірдей болып отырған өздеріне де жақсы емес пе, сондыктан мектеп формасын сактап, оның қадірін түсіне білейік. Мектеп формасы – тек оқушылардың жай ғана киімі емес, ол сол елдің мәдениеті мен дәстүрін де айшықтайтын көрініс. Ендеше әлемдегі елдердің мектеп формаларының түрлі болуы да заңды нәрсе. Ағылшын формасы – ескі үлгіде Британдық мектеп формасының стилі классикаға негізделген. Орта буындағы сынып оқушылары батыс стиліндегі ортодоксалды форма киеді. Ер балалар классикалық костюм мен галстук тағып, былғары бәтеңке киеді, қыздар да батыс стилінде киінеді.

Кореяның формасы – джентльмендік үлгіге сай болып келеді, мысалы  ұлдар жағы ақ көйлек және батыс стиліндегі шалбарды кисе, қыздар ақ жейде, жәкет, қара юбка және галстук тағады.

Жапония формасы теңізшілер киіміне ұқсайды. Оман оқушыларының мектеп формасынан ұлттық этникалық ерекшеліктері көрінеді. Оқушылар ғана емес, студенттер де ұлттық киімдер киеді. Ал студент қыздар орамал тартады.

Таиланд формасы – ең сәнді формалардың бірі, бәлкім. Таиландтың барлық оқушылары мектеп формасын мектептен колледжде оқығанға дейін киюі тиіс. Бірақ Таиланд студенттері денеге жабысып тұратын жейде мен қысқа етекті юбка киюге тырысады.

Қытай формасы – спорттық үлгідегі киім.  Қытайдың көптеген мектептерінде мектеп формасы тек мөлшерімен ғана ерекшеленеді. Ер бала мен қыз баланың мектеп формасында аса бір айырмашылық жоқ. Олар спорттық үлгідегі мектеп формасын киеді.

Қазақстан – классикалық үлгіде. Ұл балалар ақ жейде, костюм, жәкет, қара туфли, қыздар жағы ақ жейде, жәкет.

Ендігі кездегі талқылайтын мәселелердің бірі, оқушылардың формасы бірдей болса. Себебі бір оқу жылында қаншама «қозғалыс» болады, отбасылық жағдайға байланысты көшіп те жатқан жанұялар  аз емес, соның әсерінен  бір мектепте киген формасы басқа мектепке жарамай жатады, себебі бүгінгі таңның өзінде, әр мектепте өздеріне тән форманың эмблемасы болады, ал ол басқа мектепке жарамсыз болатынын бәрімізге айдан анық. Сондықтан жоғарыда отырған әкімшілікке, министрлерге 《Қазақстан бойынша оқушылар бірыңғай форма кисе》 деген ұсынысты ұсынған жөн. Бұның бізге де, ата-аналардың жағдайына да өте қолайлы болып табылатыны анық.

Біздің ата-аналарымыз оқыған кездегі бұрыңғы мектеп формалары сапалы киімдердің бірі болған деседі. Тарихқа үңілсек, ол кездегі мектеп формасы қатаң түрде сақталған. Ұлдарға арналған мектеп формасы: сұр түсті шалбар мен жейдеден тұрды, ал қыздарға арналған мектеп  формасының үлгісі: қоңыр көйлек пен алжапқышы болды. Сондай-ақ, олар бантик тағуға міндеттелді. Тіпті, мектеп бітіруші түлектер де ақ бантиктерін қос бұрымынан тастаған емес. Галстукты да мақтанышпен тағатын болған. Біркелкі форманың арқасында олардың білімге деген құлшынысы артып, тәртіп пен тәрбиеге үйренді. Үлкен буын оқушылары сол кезде, кіші буындарға үлгі тұтар окушылардың бірі болған еді.

Ал қазіргі кезге келетін болсақ, қазіргі заманның оқушыларының басым көпшілігі заң бойынша бекітілген форманы сақтамайды. «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушылар былай тұрсын, тіпті  басқа оқушылар да галстукты мереке күндері ғана тағатынын байқайсың. Оның өзі сирек кездеседі. Барлығы өз қалауынша киініп, білім ордасын сән әлеміне айналдырып жіберді. Жасыратыны жоқ, оқушылардың формасына қарап, әлеуметтік жағдайын бірден білуге болады. Осындай жағдайдан кейін, оқушылар білімге деген құлшынысын төмендету үстінде, себебі не тәртіп, не тәрбие жоқ. Бұл жағдайымызбен ертеңгі күніміз не болмақ?

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы
бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің
КММ 10 «А» сынып оқушысы Мұратқызы Диана.
Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Капышова Эльмира Темиржановна,.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар