Қызғалдақтай қырмызы «Асыл мұра»

Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерт залында «Гүлденген қызғалдақтар» атты халықаралық хореографиялық өнер байқауы өтті.

Оған Алматы, Астана, Орал, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Түркістан және республикамыздың басқа да қалаларынан үздік хореографиялық ұжымдар қатысты. Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы жабық дауыс беру арқылы бағалады.

Халықаралық өнер байқауына қатысқан Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайы жанындағы  «Асыл мұра» халық би ансамблі  ең үздік би қойылымы  үшін  ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлыққа ие болып, бірінші дәрежелі лауреат атағымен оралды.

«Асыл мұра» фольклорлық ансамблі халықаралық, республикалық фестивальдер мен халық шығармашылығы байқауларының тұрақты қатысушысы. Ұжымды хореография өнеріне көп еңбек сіңірген жас, талантты хореограф Дина Орманшина басқарады. Оның жетекшілігімен хореографиялық ансамбль талай халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық халық шығармашылығы байқауларының лауреаты және жүлдегері атанды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар