Жерлес спортшылар ерлеп жатса, елдің қуанышы

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Болашақ» сарайында XIX жазғы Азия және IV Параазия ойындары мен басқа да халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған ақмолалық спортшылармен жәнеолардың жаттықтырушыларымен кездесті.

Аймақ басшысы олардыбайрақты бәсекелерде қол жеткізген жоғары жетістіктерімен құттықтай келе, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтыңелімізде спорт пен спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

–Бүгінде спорт пен дене тәрбиесі біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Ақмола облысында бүкіл елдегідей, халыққа қолжетімді түрлі спорт кешендері мен құрылыстар көптеп салынуда. Ағымдағы жыл өңір үшін жарқын және есте қаларлық сәттерге толы болды. Бүкіл ел, соның ішінде біз, ақмолалықтар отандастарымыздың көптеген халықаралық жарыстардағы өнерін тамашаладық. Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өткен Азия және Параазия ойындарында ақмолалықтар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Сөйтіп, бізге, жерлестеріне үлкен қуаныш сыйлады. Алда да әрқашан алға қойған мақсаттарыңыз, барлық тілектеріңіз бен армандарыңыз орындала берсін. Әр жарыста біздің көк Туымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалып, сіздерді тек жеңіс тұғырынан көретін болайық, – деді Марат Ахметжанов.

Іс-шара барысында өңір басшысы спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына Алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар тапсырды.

–Еліміздің туы әлемдік спорт додаларында мүмкіндігінше жиі көтерілуі, ал, Қазақстан мен біздің Ақмола облысы халықаралық аренада танымал болуы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Карина Ибрагимова.

Ақмолалық спортшылар биыл Азия, Параазия ойындары мен әлем және құрлық біріншіліктерінде республика құрамасының сапында лайықты өнер көрсеткенін атап өткен жөн.  Бүгінгі таңда Карина Ибрагимова аймақтық бокс тарихында алғаш рет 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысу лицензиясын жеңіп алды. Бұл жетістікке ол Азия ойындарында қол жеткізіп, күмістен алқа тақты. Аян Бейсембаев триатлоннан Сауд Арабиясындағы Азия чемпионатының алтын және Азия ойындарының қола медальдарын жеңіп алды. Давид Дегтярев IV Параазия ойындарының чемпионы атанды. Ирина Кузнецова Албанияда әйелдер күресінен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Андрей ТютинТайландтаөткен Азия чемпионатындасадақатудан чемпион атанды.

Салтанатты шара облыстың шығармашылық ұжымдарының концертімен аяқталды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар