Ерекше қажеттіліктері бар балалар мүддесі әрдайым назарда

Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде 20 қараша – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай, түрлі сала мамандарының қатысуымен «Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау» туралы брифинг болып өтті.

Спикерлердің қатарында, Ақмола облысының бала құқығы бойынша уәкілі Әсем Асайынова, Ақмола облысы білім басқармасы қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Айнаш Ғалымова және Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ботагөз Ахметова болды. Брифинг барысында Ақмола облысында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтылады. Балалардың білім мен дағдыларды меңгеріп, қоғаммен байланысын ұштайтын ең бірінші орын – мектепке дейінгі ұйым. Сондықтан да, елімізде мектепке дейінгі білім беруді дамытуға үлкен көңіл бөлінуде.1946 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының балалар құқығын қорғау жөніндегі алғашқы қадамдарының бірі БҰҰ Балалар қорын (ЮНИСЕФ) құру болды. Бірақ, БҰҰ-ның балалар құқығына қатысты алғашқы актісі 1959 жылы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары туралы Декларация болды, ол әлемдегі әрбір баланы «Бақытты балалық шақпен» қамтамасыз етуге бағытталған еді. Ал, Қазақстан 1994 жылы БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялады. Тәуелсіз Қазақстанда 32 жылда бала мүддесі бірінші орынға қойылып келеді. Барлық қоғамдастықтың назарын балалар мәселесіне аудару мақсатында 2022 жыл Қазақстанда Балалар жылы болып жарияланды.

Берілген ақпаратқа қарасақ, облысымызда 600-ден астам балабақша мен шағын орталық бар, онда мектеп жасына дейінгі балалардың 92 пайызы тәлім-тәрбие алады. Биыл облыста 16 мектепке дейінгі ұйым ашылған, оның 14-і жекеменшік. Бұл өз кезегінде азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың бала тәрбиесіне атсалысатынын дәлелдейді. Оған қоса, Ақмола облысында балалардың өмірін қамтамасыз ету және жан-жақты дамыту мәселелерін мемлекеттік органдар да, азаматтық сектор да шешеді. Сондай-ақ, әрбір аудан, қала орталықтарында балалар шығармашылық үйлері, балалар музыка мектептері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді. Бүгінде 95 мыңға жуық бала үйірмелерге, студияларға, секцияларға тартылған.

– Ерекше білім беруді қажет ететін балалар мемлекеттің қорғауында. Облыста мұндай 12389 бала тұрады, – дейді Айнаш Серғалиқызы. Аймақта ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация; 20 психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету кабинеті; ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 5 арнайы мектеп-интернат; 39 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Аутизмі бар ерекше білім беру қажеттіліктері және аутизм ерекшеліктері бар психо-сөйлеу дамуы тежелген балалар мен жасөспірімдерді қоғамға әлеуметтендіру үшін жағдай жасау, оларға кешенді педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету мақсатында Ақмола облысының әкімдігі осы жылы «Аутизмі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу, психологиялық-педагогикалық қолдау және коррекциялық қолдау көрсету қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыруға 35,5 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын бөлген. Нысаналы топқа және жоспарлы қамтуға аутизммен ауыратын, психо-сөйлеу дамуы тежелген, эмоционалдық және коммуникативті дамуы бұзылған 2-18 жасқа дейінгі 55 балалар мен жасөспірімдер тартылған.

Сонымен бірге, облыста жаңа заманғы технологияны қажет ететін инклюзивті білім беруді қолдау бойынша барлығы 39 ресурстық кабинет жұмыс істейді, 2025 жылға қарай инклюзивті білім беруді қолдау бойынша 73 ресурстық кабинет ашу жоспарланған. Қазіргі таңдағы өте маңызды міндет –Ақмола облысы балаларының әл-ауқатының индексін ұлғайту, жаңа білім беру объектілерін салу және жаңарту есебінен балаларымызға әлеуметтік көмектің жаңа нысандарын дамыту және әрбір баланың өзін-өзі қалыптастыруы үшін мүмкіндіктерді кеңейту,оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайларды жақсарту. Мұның бәрі жас ұрпақтың білімге ұмтылуы бәсекеге қабілетті болуыжәне ертеңгі күнге сенімді түрде қадам басуы үшін жасалады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар