Министрдің Алғыс хатын оқушыларды құлшындырады

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Дүниежүзілік балалар күніне арналып өткізілген брифингте ақмолалық оқушыларды Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан осы министрліктің Алғыс хатымен марапаттады.

Іс-шараға Ақмола облысынан Атбасар қалалық №3 мектебінің 11 сынып оқушысы Артем Каблуков және Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясының 11-А сынып оқушысы Бақтияр Саберлинов арнайы шақырылған. «Өңіріміздің жас белсенділері қоғамның назарын қалай баурап алды? Олар несімен ерекшеленді?» деген сұраққа жауап қайырар болсақ, атбасарлық А.Каблуков– «Жас Ұлан» белсенді балалар ұйымының көшбасшысы, «Атбасар қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК жанындағы «Ловлю на слове» дебат клубының үздік спикерлерінің бірі, оған қоса, ол спорт шеберіне кандидат және пауэрлифтингтен Еуропа чемпионы атанған үлгілі, жан-жақты оқушы. Әңгіме барысында Артемнің өткен уақытта жасаған ерлік ісін өз аузынан естіп, разы болдық. Оның айтуынша, 2022 жылдың тамыз айында Зеренді ауылында отбасымен бірге жүреді. Демалыс аясында ағасымен бірге катамаранға мініп бара жатып, жағадағы адамдардың көмек туралы айқайын естіген. Анықтап қараған ол, суға батып бара жатқан жас жігітті көрген.

– Мен ойланбастан көмекке асықтым. Жақынырақ жүзіп келгенде, қазір жігіттің өміріне жауапты екенімді түсіндім. Барымды салып, жағажайға алып келдім. Сол кезде жігіт есінен танып қала жаздады, – дейді жаста болса, адам өмірін аман алып қалған жас батырымыз Артем. Бұл әңгімеден аңғарғанымыз, жүзу және дене шынықтыру дағдыларының арқасында ол шамамен 25 метр жүзіп, жігітті тереңдіктен жағаға шығарған.

Ал, көкшетаулық Бақтияр Саберлиновқа келер болсақ:

– Менің өмірімде еріктілік маңызды рөл атқарады. Маған бұл іс-әрекет өте ұнайды. Мұндай жобаларда қатысушылар арасында өмірлік тәжірибе мен білім үнемі алмасады. Мен оқитын гимназияда еріктілік басты бір бағыт боп табылады. Жыл сайын ата-аналар қоғамымен бірлесіп, қайырымдылық жәрмеңкелерін өткіземіз. Түскен қаражатпен мұқтаж адамдарға көмек көрсетеміз.2022 жылы жиналған соманың бір бөлігі Қостанай қаласындағы өрт кезінде зардап шеккендерге жіберілді, – дейді жастайынан қоғам өміріне белсене араласып, өз көмегін тигізіп жүрген оқушымыз.

«Болар бала, он бесінде баспындейді» деген ұрпағына сын көзбен қарайтын дана халқымыз. Біздің Бақтиярда оқушылар мен студенттер арасында экологиялық акцияларға белсенді қатысушы, тек осы жылдың ішінде осындай15-тен астам акцияға белсенді ат салысқан.

– Бұл жұмыс тек Көкшетаудың шетін қоқыстан тазарту үшін ғана емес, сонымен қатар, өскелең ұрпақтың жауапкершілігі мен экологиялық санасын қалыптастыруға ықпал етеді. Биыл мен университет студенті боламын және өзімнің еріктілік қызметімді университет қабырғасында да жалғастырамын. Ең бастысы, мен волонтерлік идеялардың Қазақстандағы жас балалардың жүрегін баурағанын қалаймын, – дейді Бақтияр өз сөзін аяқтап.

Елордамызда өткізілген брифинг соңында вице-министр Еділ Оспан үлгі тұтарлық жерлестеріміз Артем Каблуков пен Бақтияр Саберлиновқа Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хаттарын табыс етті. Облысымыздың жақсы атын шығарып, оқу-білімде озат болумен қатар, қоғамдық шараларға белсенді қатысып, сый-құрметке бөленген намысты оқушыларымызды бізде құттықтаймыз!

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар